Электр энергетикасы объектілерінің сенімді жұмысын қамтамасыз ету туралы -||- Об обеспечении надежной работы электроэнергетических объектов

Электр энергетикасы объектілерінің

сенімді  жұмысын қамтамасыз ету туралы*

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында «... ...» АҚ электр энергетикасы объектілерінің сенімділігін арттыру* және  қауіпсіздігін қамтамасыз ету* мақсатында

 

БҰЙЫРАМЫН:

1.  Ұсынылған кестеге сай кезекшілік белгіленсін*.

2. Кәсіпорын басшылары:

1) бірінші басшылардың қабылдау бөлмелерінде жауапты адамдар тағайындасын*.

2)  өндірістік және қызметтік жайларда* өртке қарсы дабыл құралдарының* техникалық жай-күйінің дұрыстығын және электр құралдарының ток көзінен ажыратылуын қамтамасыз етсін.

3. Қауіпсіздік қызметі күзет қызметінің жұмысы мен өткізу режимінің ерекше режимін белгілей отырып  қауіпсіздік шараларын күшейтсін*, сондай-ақ өндірістік және қызметтік жайларда күзет дабылы құралдарының техникалық жай-күйінің дұрыстығын* қамтамасыз етсін.

4. Телекоммуникациялар және ақпараттық технологиялар басқармасы 20... жылғы ...  дейінгі мерзімде кезекшілік белгілеу, қауіпсіздік шараларын күшейту, өндірістік және қызметтік жайларда өртке қарсы дабыл құралдарының техникалық жай-күйінің дұрыстығы мен   электр құралдарының ток көзінен ажыратылуын* қамтамасыз ету қажеттігі туралы хабардар етсін.

5.  Осы бұйрықтың орындалуын бақылау*Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары* ... ... жүктелсін.

 

Басқарма төрағасы                                   .................

Обсуждение (0)

Для того, чтобы участвовать в обсуждении Вам необходимо авторизоваться

Отправить на e-mail