Анықтама: түрлері мен ресімдеу ерекшеліктері

Анықтама түрлері

Анықтамалар екі түрі болуы мүмкін: ішкі және сыртқы.

Ішкі – ұйым қажеттіліктеріне сай, құжаттау қағидалары негізінде әзірленеді.

Сыртқы – көбінесе қажеттілік бойынша әзірленеді және ұйымнан тыс жерлерге жолданады. Ұйымнан тыс жерлерге жолданатын анықтамалар арнайы бланкіде ресімделеді. Ұйымның өз ішінде қалатын анықтамалар жай қағазға жазылады.

Сонымен қатар анықтамалар ұсынылған ақпарат сипатына қарай жіктеледі: қызметтік және жеке сипаттағы анықтамалар.

Жеке анықтамалар ұйым қызметкерлерінің жұмысын, жалақы мөлшерін, жұмыс тәжірибесінің болуын және т. б. мәліметті растау үшін беріледі.

Жеке сипаттағы анықтамаларда нақты бір адамға қатысты ақпарат қамтылады. Ал қызметтік анықтамаларда ұйым, оның қызметі, статистикалық мәліметтері және т. б. туралы ақпарат көрсетіледі, және олар жоғары тұрған органның немесе басшының өтініші бойынша беріледі.

 

Анықтама деректемелерінің тізбесі:

  • эмблема, логотип немесе ұйымның тауар белгісі;
  • ұйымныңресмиатауы;
  • құжаттүрініңатауы;
  • күні;
  • анықтаманыңтіркеунөмірі (индексі);
  • шығарылғанжері;
  • адресат;
  • мәтінніңтақырыбы;
  • мәтін;
  • қолы;
  • келісілгенітуралыбелгі (қажет болғанжағдайда);
  • мөрбедері (қажетболғанжағдайда);
  • орындаушытуралыбелгі.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

Анықтаманың ең маңызды элементі негізгі мәтін, дәлірек айтқанда, оның мазмұны болып табылады. Анықтаманың мәтіні бірнеше бөлімдер мен бөліктерден тұруы мүмкін.

Азаматтарға жұмыс орнын, лауазымын, жалақысын және басқа да қажетті мәліметтерді растау үшін берілетін анықтамалар қызметкердіңатау септігіндегі тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып басталады. Мәтіннің соңында немесе оң жақ жоғарғы бұрышында анықтама берілетін ұйым көрсетіледі.

Обсуждение (0)

Для того, чтобы участвовать в обсуждении Вам необходимо авторизоваться

Отправить на e-mail