Жұмыс мәжілісінің хаттамасы -||- Протокол рабочего совещания

Экономика жөніндегі басқарушы

директор ___________  төрағалығымен өткен жұмыс мәжілісінің

 __________ ХАТТАМАСЫ

Астана қ.                                                                          ___.___.20__ж.

 

Қатысқандар: 

_______   _______  ______ ______ ______

 

Күн тәртібі: «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру» қызметін жеткізушіні белгілеу.

 ______________________________________________________________________________________________

          Экономика жөніндегі  басқарушы директор ______ ______ мәжілісті ашып, қатысушыларды 20__ жылға арналған «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру» қызметінің жеткізушісін таңдау қажеттігі туралы хабардар етті.

Пайдалану департаментінің директоры ______ ______16 сақтандыру компаниясына сұрату хабарламасы жіберілгенін жеткізді. Солардың ішінен 9 сақтандыру  компаниясынан жауапкеліп түсті (осы хаттаманың 1-қосымшасы).

Құжаттарды қарау кезінде мыналар ескерілді:

1)көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға сәйкес, контрагенттің сол немесе  өзге де қызмет түрімен айналысу құқығын растайтын лицензияларының, патенттері, сертификаттары көшірмелерінің болуы;

2)ҚР заңнамасы бойынша тыйым салынбаған Тапсырыскерге қойылатын қосымша талаптар.

Әлеуетті сақтандырушылар мынадай құжаттарды ұсынды:

-салық органдарының салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуден өткендігі туралы растауы;

- көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға сәйкес,  контрагенттің сол немесе  өзге де қызмет түрімен айналысу құқығын растайтын лицензиялардың, патенттердің, сертификаттардыңнотариалды куәландырылған көшірмелері;

-шартқа қол қоюшы тұлғалардың уәкілеттіктерін растайтын құжаттар (сенімхат, бұйрық);

- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құжаттар.

Талқылау нәтижелері бойынша

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:

 Ең тиімді қосымша талаптарды ұсынуына байланысты «______ ______» сақтандыру компаниясынан көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі қызметтерді сатып алу жүзеге асырылсын.

 

ТАПСЫРМАЛАР:

1. Пайдалану департаменті ( ______ ______):

20___ жылға арналған «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру» қызметін көрсету шартын даярлау үшін Қамтамасыз ету департаментіне қажетті деректемелер жіберілсін.

Орындалу мерзімі: 01.12.20___ ж. дейін.

2. Қамтамасыз ету департаменті(______ ______):

«______ ______» сақтандыру компаниясымен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шарт жасалсын.

Орындалу мерзімі: 15.12.20___ ж. дейін.

 

           Экономика жөніндегі

           басқарушы директор                                                        ______ ______

 

Глоссарий к тексту

  • Жұмыс мәжілісінің хаттамасы Протокол рабочего совещания
  • Экономика жөніндегі басқарушы Управляющий директор по экономике
  • ХАТТАМА ПРОТОКОЛ
  • Қатысқандар Присутствовали
  • Күн тәртібі Повестка дня

Обсуждение (0)

Для того, чтобы участвовать в обсуждении Вам необходимо авторизоваться

Отправить на e-mail