Добавить в избранное
Lat
Регистрация
Войти

Кеңес хаттамасының қысқаша нысаны: ресімдеу ерекшеліктері

Хаттаманың қысқаша нысаны – хаттамалаудың бұл түрі қаралған мәселелер мен қабылданған шешімдер туралы ақпаратты қамтиды. Сондай-ақ, қысқаша хаттамада сөйлеушілердің және қабылданған шешімдерге жауапты адамдардың тегі көрсетіледі. Хаттаманың қысқаша нысаны оқиғаның толық барысын баяндамайды, ол тек жекелеген мәселелер бойынша шешімдер қабылданғаны туралы ақпарат береді.

Хаттаманың қысқаша нысаны мына жағдайларда жүргізіледі:

  • отырыс жедел сипатта өтіп, қабылданған шешімді талқылау барысын егжей-тегжейлі көрсетпей белгілеу маңызды болғанда;
  • мәжілістің стенографиясы жазылғанда, (сөйлеген сөздердің стенограммасы хаттамаға қосымша ұсынылады) немесе дыбыс- немесе бейнежазба жүргізілгенде.

Хаттамада мынадай ақпарат көрсетіледі:
1) кеңес талқылауына шығарылған мәселе;
2) қаралып отырған мәселені талқылау кезінде сөйлеген адамдардың деректері;
3) жиналыста қабылданған және бекітілген шешім.

 

Хаттаманың қысқаша нысанын дайындау және ресімдеу

Хаттаманың қысқаша нысаны екі бөліктен тұрады – кіріспе және негізгі

Қысқаша хаттаманың негізгі бөлігі қаралып отырған мәселелердің атауларын және олар бойынша қабылданған шешімдерді қамтиды. 

Қаралатын мәселелер нөмірленеді, «туралы» сөзімен аяқталады, орта тұсынан басылады және соңғы жолдан төмен бір сызықпен сызылады. Сызықтың астында осы мәселені талқылаған кезде сөз сөйлеген лауазымды тұлғалардың тегі және аты-жөні көрсетіледі. Содан кейін мәселе бойынша қабылданған шешім көрсетіледі.

Хаттаманың тақырыбына ілік септігінде алқалы қызметтің түрі мен алқалы органның атауы кіреді (...қызметкерлерінің жиналысы, ... кеңесінің отырысы және т. б.).

Қысқаша хаттама бойынша мәселенің талқылау барысымен, айтылған пікірлермен, ескертулермен, өкімдік бөлігін әзірлеу процесімен, яғни басқарушылық шешімдер мазмұнымен танысу мүмкін емес.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

Баяндамалар мен сұрақтарды сөзбе-сөз жазудың қажеті жоқ. Хаттамада баяндамалардың, сұрақтардың және ұсыныстардың жалпы мазмұны беріледі. Шешімдер және басшының жеке орындаушыларға беретін тапсырмалары жазылады.

Обсуждение (0)

Для того, чтобы участвовать в обсуждении Вам необходимо авторизоваться

Отправить на e-mail

Уже 17831 пользователей с нами!

Расскажите о нашем проекте своим друзьям и коллегам!

Статистика

19576
слов в словаре
266
документов на сайте
887
скачиваний документов
156
правовых документов