Жауап хаттар -||- Письма-ответы

Жауап хаттар мазмұны әдетте бастама хатпен байланысты болады. Мәтінде бастама құжатта ұсынылған шешімге жауап жазылады: ұсыныстан бас тарту, өтініштің орындалуы, шешімнің қабылдануы, сұраққа жауап және т.б.

Текст писем-ответов обычно начинается с повторения просьбы. Далее излагаются результаты рассмотрения просьбы, мотивируется отказ (если это письмо-отказ) и констатируется сам отказ.

 

Примеры оформления писем-ответов 

1.

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрлігі

 

________ ж. № __________ хатқа

Еуразия экономикалық комиссиясының Еуразия экономикалық одағының ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарт жобасына (бұдан әрі – Халықаралық шарт) қатысты хатын қарап, «_______» АҚ төмендегіні хабарлайды.

Әзірленіп жатқан Халықаралық шарт  Еуразия экономикалық одағына мүше мемлекеттер арасындағы электр энергетикасы саласында өзара іс-қимыл қағидаттарын қозғайтындықтан, Халықаралық шартты әзірлеген кезде аталған мемлекеттердің қолданыстағы заңнамаларының талаптарын ескеру орынды деп санаймыз.

 

 

Министерство энергетики

Республики Казахстан

На ________ от __________г.

Рассмотрев письмо Евразийской экономической комиссии с запросом проекта международного договора о формировании общего электроэнергетического рынка Евразийского экономического союза (далее – Международный договор), АО «_______» сообщает следующее.

В связи с тем, что разрабатываемый Международный договор затрагивает принципы взаимодействия в области электроэнергетики между государствами – членами Евразийского экономического союза, считаем целесообразным при разработке Международного договора учитывать существующие требования законодательств данных государств.

 

 

 

2.

Қазақстан Республикасының

Энергетика министрлігі 

17.08.20___ж. шығ. № .... хатқа

            «_______» Қазақстан-Финляндия үкіметаралық комиссиясының екі ел арасында энергетика мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру туралы 20___ жылғы 15 наурыздағы хаттамалық шешіміне сәйкес, өз құзыреті шегінде аталған топқа ұсынылатын кандидатуралар бойынша ұсынысының жоқ екенін хабарлайды.   

 

            Стратегия және сату жөніндегі

             басқарушы директор         

 

Министерство энергетики

Республики Казахстан

 

На исх. №..... от 17.08.20 ___г.

 

            В соответствии с протокольным решением Казахстанско-финской межправительственной комиссии от 15 марта 20___ года о создании рабочей группы по энергетике между двумя странами «_______» сообщает об отсутствии предложений по кандидатурам в данную группу в пределах своей компетенции.

 

            Управляющий директор

            по стратегии и продажам

 

 

Глоссарий к тексту

  • ұсыныстарымызды жіберіп отырмыз направляем предложения
  • іске асырылу барысы туралы ақпаратты жіберіп отырмыз направляем информацию о ходе реализации
  • Осы хат арқылы Сіздерге ... туралы/ қатысты ақпарат жіберіп отырмыз. Настоящим направляем Вам информацию об / о / по ... ...
  • Сіздерге мәлімет үшін бекітілген ... ... жіберіп отырмыз. направляем Вам для сведения утвержденные ... ...
  • «... ... » ... туралы ақпаратты жолдайды «... ... » направляет информацию о ...
  • Осы хат арқылы ҚР Премьер-Министрінің ... күнгі тапсырмасын жолдайды Настоящим ... направляет поручение Премьер-Министра РК от ...
  • ... тармағының орындалуы бойынша ақпаратты жолдайды ... направляет информацию по исполнению пункта ...
  • осы хат арқылы ... ... жобасын қарауға жолдайды настоящим ... направляет на рассмотрение Проект ...
  • Ақпарат ретінде Сізге жоғарыда көрсетілген заңдық сараптаманы жолдаймын В порядке информации направляю Вам вышеуказанные юридические заключения
  • ... жөніндегі кеңеске қатысатын кандидатуралар тізімін жолдаймыз Направляем список кандидатур для участия в совещании по ...
  • ... қосымшаға сәйкес ескертпелер мен ұсыныстарын жолдайды ...направляет замечания и предложения согласно приложению
  • Сіздерге мәлімет үшін бекітілген ... ... жіберіп отырмыз. Направляем Вам для сведения утвержденные ... ...
  • ... жауапты қызметкерлер тізімін жібереміз направляем список ответственных сотрудников от ...
  • 2017 жылғы инвестициялық бағдарламаның іске асырылуы жөніндегі ақпаратты растаушы құжаттарымен бірге жіберіп отырмыз направляем информацию по реализации инвестиционной программы за 2017 год с приложением подтверждающих документов
  • Жаңа ережелерді әзірлеуде барлық ескертулер мен ұсыныстарды ескеруді сұраймыз. При разработке новых правил просим учесть все замечания и предложения
  • осы хат арқылы Іс-шаралар жоспарының 4.7 және 4.9-тармақтарының орындалғанын растаймыз. настоящим подтверждаем исполнение пунктов 4.7 и 4.9 Плана мероприятий.

Обсуждение (0)

Для того, чтобы участвовать в обсуждении Вам необходимо авторизоваться

Отправить на e-mail