В избранное
Lat
Форум Регистрация
Войти
  • a
  • a
  • a

Бұйрық – жарлық құжаттары

Дата: 25.02.2020

Кәсіпорынының ағымдағы қызметі бұйрық-жарлық құжаттары арқылы реттеліп басқарылып отырады. Бұйрық беру құқығына, әдетте, бірінші басшы – несиені реттеуші әкімшілік басшысы ие. Кәсіпорын директоры мен оның орынбасарлары – құрылымдық бөлімше жетекшілері нұсқау, жарлықтар бере алады.

Басшылықтың алқалық органдары (кеңестер, съездер, конференциялар т.б.) шешім қабылдау барысын қағазға түсіріп белгілейтін хаттаманың бір бөлігі болып табылатын шешімдер шығара алады.

Мазмұны жағынан  бұйрықтар екі түрге бөлінеді:

1) негізгі қызмет бойынша бұйрықтар;

2) жеке қызметкерлер құрамы бойынша бұйрықтар.

Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар өндіріс істері, жоспарлау, есеп беру, қаржыландыру, несие алу-беру, тауарлар өткізу мен қызмет көрсетуді ұсыну, ұйымдастыру  мәселелері бойынша басқару жөніндегі шешімдерді белгілейді. Олар сондай-ақ, жоғарғы органдардың шешімдерін орындау, шаралар белгілеу, орындау мерзімі мен бақылауды және оған жуаптыларды анықтау керек болғанда шығарылады.

Бұйрық нормативі және жекелік болуы мүмкін. Мысалы, еңбек тәртібі ережелерін бекіту туралы бұйрық директордан бастап, барлық қызметкерлерге қатысты, сондықтан ол нормативі болады. Ал өтемақы төлеу туралы бұйрық жеке адамдарға қатысы болғандықтан жекелік болады.

Бұйрықтың жобасы кәсіпорын мамандары тарапынан әзірленеді де, орынбасарларымен, қызмет бабы бойынша бастықтармен, заңгермен, бас бухгалтермен (қаржы жөніндегі), кадырлар бөлімі бастығымен келісіп, директор қол қол қояды. Бұйрық беру тәртібі бұзылғанда, оның заңды күші жойылып, кері қайтарылады. Бұйрық жобасына оның қажеттігін, заңдылығын негіздейтін құжаттар қоса тіркеледі.

Бұйрық, егер оның мәтінінде өзге мерзім көрсетілмесе, қол қойылған күннен бастап күшіне  енеді. Қол қою құқығына мекеме басшылары, олардың бірінші орынбасарлары, сондай-ақ біліктілігі жоғары және басшысының тапсыруымен кейбір құзырлы адамдар ие бола алады.

Егер мәтінде бұйрықтың аяқталу  мерзімі көрсетілмесе, оның күші тұрақты болады. Оның күшін мекеме басшысы жаңа бұйрық шығарып қана жоя алады, немесе жоғарғы құзырлы орган, немесе сот жояды.

Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар кәсіпорынның бланксіне толтырылады және мынадай деректерден тұрады; кәсіпорын атауы, құжат түрінің атауы ( бұйрық ), мерзімі, индекісі ( нөмірі ), мәтін тақырыбы  ( бекіту туралы, тапсырма туралы т.б. ), бақылау туралы белгі, мәтін, қойылған қол, бұрыштама, құжаттың орындалғаны туралы, мәліметтердің магнит таспасына аударылғаны туралы белгілер.

Жарлық – басқарудың шұғыл мəселелері бойынша шығарылатын құқықтық акт. Оған жұмыс орнындағы бірінші басшы қол қояды. Жарлықтың мəтіні бұйрықтағыдай құрамды бөліктерден тұрады. Оның мазмұны толық, дəл, анық болуы керек.

Жарлық бөлігі жеке жолға жазылған «БҰЙЫРАМЫН» деген сөзден басталады. Мəтіннің бұл бөлімінде орындалатын істер, оған жауапты адамдардың аты-жөні, лауазымы, іске асыру мерзімі көрсетіледі. Ол нөмірленген тармақтарға бөлінуі мүмкін. Əр тармақ үшінші жақ бұйрық райдың ырықсыз етіс тұлғасындағы етістіктерден (тапсырылсын, жариялансын т.б.) жəне бұйрықты орындаушыны (лауазымды адамды немесе бөлімшені) көрсетуден басталады.

Орындауға жауаптылықты: «Бұйрықтың орындалуын бақылау (лауазымы, аты-жөні) «жүктелсін» деп көрсетіледі. Жекеленген тапсырмалар бұйрыққа қосымша ретінде берілуі мүмкін жəне бұйрық мəтінінде оларға сілтеме қосымшаға сəйкес жасалуы тиіс. Егер қосымшалар бірнешеу болса, олардың əрқайсысы нөмірленеді.

Жарлық сөзінің мағынасы – əмір беру, бұйыру, бұйрық беру сөздерінің мағынасына өте жақын. Көне замандағы хан, қаған жарлықтары да, қазіргі үкіметтің, президенттің жарлықтары да бір адамға немесе адамдар тобына ғанаемес, көпшілік халыққа берілетін, жалпыхалықтық сипаттағы əмір, бұйрық.

Жарлықтың бұйрықтан негізгі айырмашылығының өзі – оның барлығына жарияланатын, барлығы орындауға, бағынуға, назарға алуға тиіс құжат екендігінде.

Глоссарий к тексту

Обсуждение (0)

Для того, чтобы участвовать в обсуждении Вам необходимо авторизоваться

Отправить на e-mail

Уже 39739 пользователей с нами!

Расскажите о нашем проекте своим друзьям и коллегам!

Статистика

19654
слов в словаре
381
документов на сайте
14587
скачиваний документов
345
правовых документов