Структура документа

Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жазылған ресми құжат түрі. Өмірбаян оқуға түсу, қызметке қабылдану т.б. кездерде жазылады. Іс қағазының бұл түрінде құжаттың атауы, автордың аты-жөні, туған күні, айы, жылы, туған жері, білімі, оқыған оқу орындары, оқыған жылдары, қоғамдық-саяси қызметтері, қазіргі жұмысы, отбасы туралы мәлімет, мекенжайы, қолы, жазылған мерзімі көрсетіледі. Өмірбаян таза қағазға қолмен немесе арнайы бланкіге жазылады.

 

Автобиография – это официальный документ, в котором жизненный путь индивидуальной личности излагается кратко и в хронологическом порядке. Автобиография пишется для поступления в учебные заведения, во время приема на работу и в других случаях. В автобиографии указывается: наименование документа, ф.и.о. автора, дата рождения, место рождения, образование, место учебы и годы, общественно-политическая деятельность, нынешняя работа, сведения    о семье, адрес, подпись, дата. Автобиография пишется собственноручно на чистой бумаге или специальном бланке.

Өмірбаянның мазмұндық-құрылымдық жүйесі:

1. Құжаттың аты (өмірбаян)
2. Аты-жөні (толық жазылады), туған жылы, айы, күні, туған жері
3. Ұлты
4. Білімі, оқыған оқу орындары
5. Қоғамдық-саяси қызметі
6. Ата-анасы, жұбайы, балалары туралы мәлімет
7. Қазіргі жұмысы, мекен-жайы
Өмірбаянның мазмұны автордың өмір жолын, іскерлік қасиеттерін жан-жақты баяндап беруге тиіс. 

 

Есте сақтаңыз

1983 жылы ... дүниеге келдім (тудым/ туған).

1996 жылы ... оқуға түстім.

2002 жылы ... университетін бітірдім.

2007 жылы ... тақырыбында диссертация қорғадым.

2005 жылы ... бөлімінің бас маманы ретінде жұмысқа қабылдандым.

2007 жылы бас директор болып тағайындалдым.

2007 жылғы 10 шілдеден бастап

2007 жылғы 10 шілдеден 2010 жылғы 05 ақпанға дейін

2006 – 2011 жылдар аралығында

2005 жылдан 2006 жылға дейін

2003 жылдан бері

2003 жылдан бастап

 

Обсуждение (0)

Для того, чтобы участвовать в обсуждении Вам необходимо авторизоваться

Отправить на e-mail