Добавить в избранное
Lat
Регистрация
Войти

Образцы документа

# Үлгімен танысыңыз

 

Ө М І Р Б А Я Н

        Мен, Қуаныш Өмірбекұлы, 1963 жылы 1 мамырда Семей облысы, Аягөз ауданы, Баршатас ауылында тудым. Ұлтым – қазақ. 1970 жылдан 1980 жылға дейін Баршатас орыс орта мектебінде оқыдым. 1980 жылы Қазақ политехника институтының компьютерлік техника факультетіне оқуға түстім. Институтты бітіргеннен кейін 1985-88 жылдар аралығында Ғылыми-жобалау институтында жұмыс істедім. 1988 жылғы 1 қыркүйекте Қазақ политехника институтының металлургия өнеркәсібі кафедрасына ауыстым. Қазір осы кафедраның аға мұғалімімін. Ата-анам бар: әкем – Өмірбек Қадыров – Ұлы Отан соғысының ардагері, құрметті зейнеткер; анам – Хадиша Қасымова – ұзақ жылдар бойы Баршатас орыс мектебінде мұғалім болып істеді, қазір – зейнеткер. Отбасым бар: жұбайым – Жазира Дүйсебайқызы, жоғары білімді маман, дәрігер. Үш балам бар, олар мектепте оқиды.

        Әскери қызметке міндеттімін. Аға лейтенант атағым бар.

        Қосымша мәліметтер: қазақ, орыс және ағылшын тілдероін жетік білемін, ЭЕМ (ЭВМ) бағдарламаларын толық меңгергенмін, Интернетте жұмыс істей аламын.

 

        Мекенжайым:       Алматы қаласы, «Қазақфильм»

                                      шағынауданы, 47-үй.

 

 

# Үлгімен танысыңыз

 

Өмірбаян

         Мен,  Асқаров Нұрлан Әділбекұлы, 1981 жылы 5 мамырда  Алматы қаласы Бостандық ауданында туылдым. Ұлтым – қазақ. Қазақстан Республикасының азаматымын.

1987-1997 жылдар аралығында  Алматы қаласындағы №15 орыс орта мектебін  үздік бітірдім.

         1997 жылы Алматы қаласының әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің  заң және құқықтану факультетіне оқуға түстім.

2002 жылы заңгер мамандығы бойынша  үздік бітіріп, сол жылы ҚазМҰУ-дың магистратурасына түсіп,  2004 жылы тәмамдадым. 

         2004 жылдан бастап  Астана қаласы Қаржы басқармасында заңгер  болып қызмет атқарамын.

Отбасым бар: жұбайым – Асқарова Жазира Дүйсенқызы, 1986 жылғы, Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасында жұмыс істейді. Бір  балам бар, ол «Гүлдәурен» балабақшасына барады.

         Әскери қызметке міндеттімін.  Майор атағым бар.

         Қосымша мәліметтер: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік білемін, компьютерді толық меңгергенмін.

         Мекенжайым: Астана қаласы, «Самал» шағын ауданы, 37-үй, 50-пәтер.

 

Үлгімен танысыңыз

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1912 жылғы 12 қаңтарда Алматы қаласында туған.

1936 жылы М. И. Калинин атындағы Мәскеу түсті металдар және алтын институтын бітіргеннен кейін тау-кен инженері мамандығы бойынша Балқашқұрылыста әуелі бұрғылау станогының машинисі, шебер, ауысым инженері, участке бастығы, бас инженер, Балқаш мыс еріту комбинаты Қоңырат кенішінің директоры болып жұмыс істеді, кейін “Алтайполиметалл” комбинатында, Риддер кенішінде басшы қызметтер атқарды.

1942-1952 жылдары – Қазақ ССР Министрлер Советі Төрағасының орынбасары.

1952-1953 жылдары – Қазақ ССР Ғылым академиясының Президенті.

1955-1964 жылдары – Қазақ ССР Министрлер Советінің Төрағасы.

Кейінгі жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші секретары.

Д. А. Қонаев – тау-кенғылыми, қоғамдық ғылымдар бойынша 100-ден астам еңбек жазған, қазақ саяси-әлеуметтік қоғамы мен ғылымының дамуына айрықша үлес қосқан көрнекті қоғам қайраткері ірі ғалым. Ол – үш мәрте Еңбек Ері. Бірнеше ордендермен, медальдармен, аттақтармен марапатталған.






Обсуждение (0)

Для того, чтобы участвовать в обсуждении Вам необходимо авторизоваться

Отправить на e-mail

Уже 17831 пользователей с нами!

Расскажите о нашем проекте своим друзьям и коллегам!

Статистика

19576
слов в словаре
266
документов на сайте
887
скачиваний документов
156
правовых документов