Еңбек шартының үлгісі Образец трудового Договора

Еңбек шартының үлгісі

 

____ Еңбек шарты  

 

_____________ қаласы                                                                   "___" _______20__жыл

 

Осы еңбек шарты бір жағынан (бұдан әрі – Шарт) бұдан әрі "Жұмыс беруші" деп аталатын _______________ (күні, айы, жылы) _______________ (кім) тіркеген, тіркеу нөмірі ____________________, мына мекен жайда орналасқан: Қазақстан Республикасы, _________________________________________________қ., БСН __________________ "__________________" ЖШС атынан, Жарғы негізінде әрекет ететін Бас директор ________________________ (директордың Т.А.Ә.) мен бұдан әрі "Жұмыскер" деп аталатын ЖСН _______________, жеке куәлігінің №______________ _________жылғы "___" _________, __________________ берген, осы еңбек шартын жасау кезінде мына мекенжайда: ______________________________________тұратын Қазақстан Республикасының азаматы  ________________ (жұмыскердің Т.А.Ә.) арасында жасалады, олар бірге айтылғанда "Тараптар" деп аталады.

 

1.ШАРТТЫҢ МӘНІ

1.1. Осы шарт бойынша жұмыскер ________________ лауазымы (штаттық кестеге сәйкес лауазымның атауы) бойынша сыйақы үшін жұмыстар атқарады және еңбек тәртіптемесін сақтайды, ал жұмыс беруші еңбек жағдайларын қамтамасыз етедіжәне жұмыскерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, еңбек шартына сәйкес жалақыны дер кезінде және толық көлемде төлейді және өзге де төлемдердіжүзеге асырады.

1.2. Жұмыстың орындалатын жері мына мекенжайда ___________________орналасқан «__________» ЖШС-нің өндірістік аумағы (кеңсесі) болып табылады. Осы шарт бойынша жұмыскердің жұмыс орындауына байланысты Жұмыс беруші Жұмыскерді Жұмыс берушінің өндірістік және қызметтік тапсырмаларын орындауға қажетті уақытқа іссапарға жіберуге құқылы. 

1.3. Жұмыскерді жұмысқа қабылдау осы Шарттың негізінде шығарылған Жұмыс беруші бұйрығымен ресімделеді.

1.4. Осы Шарт оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және _____________ (Шарт жасалатын мерзім көрсетіледі) мерзім ішінде қолданыста болады. 

1.5. Еңбек міндеттерін жүзеге асыру ______________________ (күні, айы, жылы) басталады.

1.6. Жұмыскерге ұзақтығы__________ ай болатын сынақ мерзімі белгіленеді 

1.7. Осы шарт бойынша жұмыстың орындалуы қалыпты (зиянды, ерекше зиянды, қауіпті) еңбек жағдайларында жүзеге асырылады (қажеттісі сызылады). 

 

2. ЖҰМЫС УАҚЫТЫ МЕН ДЕМАЛЫС УАҚЫТЫНЫҢ РЕЖИМІ

2.1. Жұмыскердің жұмыс және демалыс уақыты Жұмыс беруші бекіткен осы Шарттың шарттармен, еңбек тәртіптемесімен, Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасымен белгіленеді, осыған байланыстыЖұмыскерге: 

- екі/бір (сенбі және жексенбі) демалыс күндері бар бес/алты күндік жұмыс аптасы белгіленеді; 

- _____________ жұмыс күні – 00.00 сағаттан 00.00 сағатқа дейін; 

- дем алу мен тамақтануға арналған үзіліс – 00.00 сағаттан 00.00 сағатқа дейін. 

ҚР еңбек заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыс беруші демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа жұмыскердің жазбаша келісімімен тартуға құқылы.

2.2. Жұмыскерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы жұмыс орны, лауазымы мен орташа жалақысы сақтала отырып, _____ (___________) күнтізбелік күндер санына (Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ұлттық мерекелерін есепке алмағанда) беріледі.

2.3. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру қолданыстағы заңнамаға сәйкес Жұмыс берушімен бекітілген демалыстар кестесімен айқындалады.

2.4. Дәлелді себептер кезіндеЖұмыскердің жазбаша өтініші негізінде Жұмыс беруші оған жалақысы сақталмайтын демалыс береді. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жағдайларда Жұмыскердің жазбаша өтініші негізінде Жұмыс беруші Жұмыскерге күнтізбелік бес күнге дейін жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті.

2.5. Жұмыскердің қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша демалыстардың өзге түрлерін пайдалануға да құқы бар.

 

3. ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

3.1Жұмыс берушінің:

3.1.1. жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне;

3.1.2. жұмыскерлермен еңбек шарттарын осы Кодексте белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға және бұзуға;

3.1.3. өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға;

3.1.4. өз құқықтары мен мүдделеріне өкілдік ету және оларды қорғау мақсатында бірлестіктер құруға және оларға кіруге;

3.1.5. жұмыскерлерден еңбек, ұжымдық шарттар талаптарының, еңбек тәртіптемесі қағидаларының және жұмыс берушінің басқа да актілерінің орындалуын талап етуге;

3.1.6. осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен жұмыскерлерді көтермелеуге, оларға тәртіптік жазалар қолдануға, жұмыскерлерді материалдық жауаптылыққа тартуға;

3.1.7. еңбек міндеттерін атқару кезінде жұмыскер келтірген нұқсанды өтетуге;

3.1.8. еңбек саласындағы өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге;

3.1.9. жұмыскерге сынақ мерзімін белгілеуге;

3.1.10. осы Кодекске сәйкес жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге;

3.1.11. осы Кодекске сәйкес жұмыскерді оқытуға байланысты өз шығындарын өтетуге;

3.1.12. жеке еңбек дауын шешу үшін осы Кодексте көзделген тәртіппен рет-ретімен келісім комиссиясына, сотқа жүгінуге құқығы бар.

3.2. Жұмыс беруші:

3.2.1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, келісімдердің, ұжымдық, еңбек шарттарының, өзі шығарған актілердің талаптарын сақтауға;

3.2.2. жұмысқа қабылдау кезінде осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда жұмыскерлермен еңбек шарттарын жасасуға;

3.2.3. жұмысқа қабылдау кезінде осы Кодекстің 32-бабына сәйкес еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттарды талап етуге;

3.2.4. жұмыскерге еңбек шартында келісілген жұмысты ұсынуға;

3.2.5. жұмыскерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге;

3.2.6. жұмыскерді еңбек тәртіптемесі қағидаларымен, жұмыс берушінің жұмыскердің жұмысына (еңбек функциясына) тікелей қатысы бар өзге де актілерімен және ұжымдық шартпен таныстыруға;

3.2.7. жұмыскерлер өкілдерінің ұсыныстарын қарауға және жұмыскерлердің өкілдеріне ұжымдық келіссөздер жүргізу, ұжымдық шарттар жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын бақылау үшін қажетті толық және анық ақпарат беруге;

3.2.8. осы Кодексте белгіленген тәртіппен ұжымдық келіссөздер жүргізуге, ұжымдық шарт жасасуға;

3.2.9. жұмыскерлерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес еңбек жағдайларн қамтамасыз етуге;

3.2.10. жұмыскерлерді жабдықпен, аспаптармен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін атқару үшін қажетті өзге де құралдармен өз қаражаты есебінен қамтамасыз етуге;

3.2.11. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беруге;

3.2.12. мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға;

3.2.13. егер жұмысты жалғастыру жұмыскердің және өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін болса, жұмысты тоқтата тұруға;

3.2.14. жұмыскерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асыруға;

3.2.15. жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға;

3.2.16. жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын беруге;

3.2.17. жұмыскерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаны ұстап қалу мен аудару туралы мәліметтердің сақталуын және мемлекеттік архивке тапсырылуын қамтамасыз етуге;

3.2.18. жұмыскерге зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары мен кәсіптік аурудың болу мүмкіндігі туралы ескертуге;

3.2.19. жұмыс орындары мен технологиялық процестерде тәуекелдерді болғызбау жөнінде шаралар қолдануға, өндірістік және ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізуге;

3.2.20. жұмыс уақытының, оның ішінде әрбір жұмыскер орындайтын үстеме жұмыстардың, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстардың, ауыр жұмыстардың есебін жүргізуге;

3.2.21. жұмыскердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауы кезінде оның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өтеуге;

3.2.22. еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның және еңбек инспекциясы жөнiндегi жергілікті органның лауазымды адамдарын, жұмыскерлердің өкiлдерiн, еңбектi қорғау жөнiндегi техникалық инспекторларды ұйымдардағы еңбек қауiпсiздiгiнiң, жағдайларының және еңбектi қорғаудың жай-күйiне және Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына тексерулер жүргізу үшін, сондай-ақ еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және кәсiптiк ауруларды тергеп-тексеру үшiн кедергiсiз жiберуге;

3.2.23. жұмыс беруші айқындайтын, он сегіз жастан кіші жұмыскерлердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және туған жылы, күні, айы көрсетілетін тізілімдердің немесе басқа да құжаттардың жүргізілуін қамтамасыз етуге;

3.2.24. жұмыскердің дербес деректерін Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жинақтауды, өңдеуді және қорғауды жүзеге асыруға;

3.2.25. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

 

4. ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

4.1. Жұмыскердің:

4.1.1. осы Кодексте көзделген тәртіппен және жағдайларда еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға және бұзуға;

4.1.2. жұмыс берушіден еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын орындауды талап етуге;

4.1.3. еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға;

4.1.4. еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы толық және анық ақпарат алуға;

4.1.5. еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақы төленуіне;

4.1.6. бос тұрып қалғаны үшін осы Кодекске сәйкес ақы төленуіне;

4.1.7. тынығуға, оның ішінде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына;

4.1.8. егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кәсіптік одақ құру, сондай-ақ оған мүше болу құқығын қоса алғанда, өзінің еңбек құқықтарының берілуі мен оларды қорғау үшін бірігуге;

4.1.9. өз өкілдері арқылы ұжымдық келіссөздерге және ұжымдық шарт жобасын әзірлеуге қатысуға, сондай-ақ қол қойылған ұжымдық шартпен танысуға;

4.1.10. еңбек міндеттерін орындауға байланысты денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;

4.1.11. міндетті әлеуметтік сақтандырылуға;

4.1.12. еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандырылуға;

4.1.13. кепілдіктерге және өтемақы төлемдеріне;

4.1.14. өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға;

4.1.15. бірдей еңбегі үшін қандай да бір кемсітусіз бірдей ақы алуға;

4.1.16. жеке еңбек дауын шешу үшін осы Кодексте көзделген тәртіппен рет-ретімен келісім комиссиясына, сотқа жүгінуге;

4.1.17. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына;

4.1.18. Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттарда көзделген талаптарға сәйкес жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілуге;

4.1.19. өзінің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін ахуал туындаған кезде, бұл туралы тікелей басшының немесе жұмыс берушінің өкілін хабардар ете отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға;

4.1.20. еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттiк органға және (немесе) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайларын зерттеп қарауды жүргізу туралы өтініш білдіруге, сондай-ақ еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеру мен қарауға өкілдік етіп қатысуға;

4.1.21. жұмыс берушінің еңбек және онымен тікелей байланысты қатынастар саласындағы әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;

4.1.22. біліктілігіне, еңбектің күрделілігіне, орындалған жұмыстың саны мен сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына сәйкес еңбегіне ақы төленуіне;

4.1.23. осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен, ереуілге құқықты қоса алғанда, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуге;

4.1.24. жұмыс берушіде сақталатын дербес деректерінің қорғалуын қамтамасыз етуге құқығы бар.

4.2. Жұмыскер:

4.2.1. еңбек міндеттерін келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес орындауға;

4.2.2. еңбек тәртібін сақтауға;

4.2.3. жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақтауға;

4.2.4. жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарауға;

4.2.5. адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен жұмыскерлер мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлауға;

4.2.6. еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;

4.2.7. келтірілген нұқсанды осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектерде жұмыс берушіге өтеуге міндетті.

 

5. ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ

5.1. Жұмыскерге Жұмыс беруші бекіткен Еңбекке ақы төлеу туралы ережеге сәйкес, айына _____________(____________) теңге мөлшерінде жалақы төленеді.

5.2. Жалақы ақшалай нысанда айына кемінде бір рет, келесі айдың бірінші 10 (онкүндігінен) кешіктірілмей төленеді.

5.3.Жұмыс берушінің кінәсінен жұмыс тоқтаған жағдайда Жұмыскерге тоқтап тұрған уақыт ақысы Жұмыскердің орташа жалақысының 50%-ы мөлшерінде төленеді.

5.4. Жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті.

 

6. КЕПІЛДІКТЕР МЕН ӨТЕМАҚЫЛАР

6.1. Іссапар уақытында жұмыскердің жұмыс орны (лауазымы) мен іссапар күндеріне келетін жұмыс күндері үшін жалақысы сақталады.Еңбек кодексінің 127-бабының 2-тармағына сәйкес, іссапарларға жіберілетін Жұмыскерлерге өтемақы төленеді.

6.2. Донор болып табылатын жұмыскердің тексерілу және қан беру уақытында жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.

6.3. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жұмыскерлер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындауға тартылған уақытта оларды жұмыс орнын (лауазымын) сақтай отырып, еңбек міндеттерін орындаудан босатады.

6.4. Жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жұмыскерлерге еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша, жүктілігі мен бала тууына байланысты, жаңа туған баланы асырап алуларына байланысты әйелдерге (ерлерге) демалыс уақытына әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндетті.Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген еңбекке жарамсыздық парақтары еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар төлеу үшін негіз болып табылады. Жұмыс беруші жұмыскерге жұмысынан айрылуына байланысты айына айлық орташа жалақысы мөлшерінде мынадай жағдайларда:

 6.4.1.жұмыс беруші таратылған жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша осы Шарт бұзылғанда;

 6.4.2.жұмыскерлердің саны немесе штаты қысқарған жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша осы Шарт бұзылғанда;

 6.4.3. жұмыс беруші еңбек шартының талаптарын орындамаған жағдайда жұмыскердің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде өтемақы төлемін жүргізеді.

6.5. Осы Шарт тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын (жыл сайынғы еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған Жұмыскерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.

 

7. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

7.1. Тараптар осы Шарт шарттарының бұзылғаны үшін осы Шартта және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында қарастырылған жағдайларда жауап береді.

7.2. Жұмыскердің тәртіптік теріс қылығы үшін Жұмыс беруші оған келесі: ескерту; сөгіс; қатаң сөгіс; Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу сияқты тәртіптік жазаларды қолдануға құқы бар.

7.3.Жұмыскердің Жұмыс берушінің мүлкін жоғалту немесе бүлдіру арқылы келтірілген залал үшін, жұмыскердің әрекеті (әрекетсіздігі) нәтижесінде туындаған залал үшін, оның ішінде құпия ақпаратты жариялағаны үшін материалдық жауаптылықта болады.

7.4. Жұмыс беруші жұмыскер алдында:

 7.4.1.жұмыскерді өз жұмыс орнында еңбек ету мүмкіндігінен заңсыз айыру арқылы келтірілген залал үшін;

 7.4.2.жұмыскердің мүлкіне келтірілген залал үшін;

 7.4.3.жұмыскердің өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиян үшін материалдық жауаптылықта болады.

 

8. ШАРТТЫ ӨЗГЕРТУ, ТОҚТАТУ ЖӘНЕ БҰЗУ

8.1. Осы шартқа өзгерістер мен толықтыруларды, оның ішінде басқа жұмысқа ауыстыру кезінде Тараптар осы Шартқа қосымша келісім жасау арқылы және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіптежәне жағдайлар енгізеді.

8.2. Осы Шарттыңқолданылуы мынадай: 

     8.2.1.тараптардың келісімі бойынша Шартты бұзу;

     8.2.2.жұмыс берушінің бастамасы Шартты бұзу;

     8.2.3. жұмыскердің бастамасы бойынша Шартты бұзу;

     8.2.4.тараптардың еркінен тыс мән-жайлардың орын алуы;

     8.2.5.Жұмыскердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы;

     8.2.6.Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Жұмыскердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуы немесе еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын лауазымға тағайындалуы;

     8.2.7. Шартты жасасу талаптарының бұзылуы жағдайларында тоқтатылады.

8.3. Осы Шарт тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.

8.4. Жұмыскер Жұмыс берушіге кемінде бір ай бұрын жазбаша ескерте отырып, осы Шартты өзінің бастамасы бойынша бұзуға құқылы.Осы Шарт жұмыскер бастамасымен бұзылған жағдайда, соңғысы өзіне тапсырылған жұмысты соңына дейін орындауға міндетті. Бұл талапты орындау мүмкін болмаған жағдайда Жұмыскер оны басқа атқарушыға одан арғы жұмысты жалғастыруға қажетті толыққанды ақпаратпен қамтамасыз ете отырып, барлық құжаттарды өткізіп беруі тиіс.

8.5. Осы Шарт Жұмыс берушінің бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек  кодексінде көзделген негіздер мен тәртіп бойынша бұзылуы мүмкін.

 

9. ЕҢБЕК ДАУЛАРЫ

9.1. Осы Шарттан туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы реттелуге жатады.

9.2. Барлық даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен реттеу мүмкін болмаған жағдайда ол келісім комиссиясымен және/немесе сот тәртібінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қаралады.

 

10. ӨЗГЕ ДЕ ШАРТТАР

10.1. Осы Шарт Тараптардың толық келісімін білдіреді. Бірге берілген қосымшалары Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады. 

10.2. Осы Шарт бірдей заңдық күшке ие 2 дана етіп жасалды, әрбір Тарапқа бір-бір данадан берілді.

10.3.Осы Шарттың мазмұны үшінші тұлғаларға жарияланбайды.

10.4. Жұмыскер Еңбек шартына қол қойғанға дейін танысты:

ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелерімен

________________________________ "___" _____________ 20___ жыл

(жеке қолы) (жұмыскердің Т.А.Ә.)

жұмыс орнындағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерімен

________________________________ "___" _____________ 20___ жыл

(жеке қолы) (жұмыскердің Т.А.Ә.)

лауазымдық нұсқаулықпен

________________________________ "___" _____________ 20___ жыл

(жеке қолы) (жұмыскердің Т.А.Ә.)

ұйымның коммерциялық құпиясын құрайтын мәліметтердің тізбесімен

________________________________ "___" _____________ 20___ жыл 

(жеке қолы) (жұмыскердің Т.А.Ә.)

ұжымдық шартпен

________________________________ "___" _____________ 20___ жыл

(жеке қолы) (жұмыскердің Т.А.Ә.)

 

Жұмыс беруші:

"______________________" ЖШС

БСН ___________________________

ЖСК ____________________________

БСК____________________________

Мекенжайы: _____________________

Тел./факс:_______________________    

e-mail:___________________________

 

 

" ____________________" ЖШС

Бас директоры 

_________________________

(директордың Т.А.Ә., қолы)

М.О.

 

Жұмыскер:

Т.А.Ә._______________________________

жеке куәлігі № ______________________

___________________________берілген

ЖСК ____________________________

мекенжайы: _________________________

тел.: _______________________________

 

 

 

 

 

__________________________

(жұмыскердің Т.А.Ә., қолы) 

 

 

Осы Шарттың бір данасын

алдым: ______________________ /______________/ ______________/

(жұмыскердің Т.А.Ә.) (қолы) (күні)

 

Глоссарий к тексту

  • Еңбек шартының үлгісі Образец трудового Договора
  • Еңбек шарты Трудовой Договор
  • Жұмыс беруші Работадатель

Обсуждение (0)

Для того, чтобы участвовать в обсуждении Вам необходимо авторизоваться

Отправить на e-mail