Translit
Раздел "Translit", это онлайн-сервис автоматической транслитерации с кириллицы на латиницу согласно разработанной последней версии казахско-латинского алфавита.
Далее

Қысқартылған сөздерді (аббревиатураларды) қолдану

19.05.2020
/
скачан 1702 раза

Аббревиатура (abbreviatura – қысқарту) – қысқарған күрделі сөздер, олар сөздердің, буындардың немесе сөздердің басқы әріптерінің қосылу жолымен жасалады.

Аббревиатуралар жасалуының бірінші тәсілібуындардың (сөздердің) қосылуы. Мысалы: педучилище – педагогикалық училище, МЕМСТ – мемлекеттік стандарттар (ГОСТ – государственные стандарты), Алтел – алтын телефон, ҚазҰУ – Қазақ ұлттық университеті (КазНУ – Казахский национальный университет).

Екінші тәсіліжеке сөздердің басқы әріптерінің қосылуы. Мысалы:   СІМ – Сыртқы істер министрлігі (МИД – Министерство иностранных дел), ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (СНГ – Содружество Независимых Государств), ҚК – Қылмыстық кодекс (УК – Уголовный кодекс), ЖІӨ – жалпы ішкі өнім (ВВП – валовый внутренний продукт).

Аббревиатура әріптік және дыбысты болады.

Әріптік аббревиатура әріптердің алфавиттік атаулары бойынша оқылады және жеке буындармен айтылады. Мысалы: қосылған құн салығы – ҚҚС (НДС – налог на добавленную стоимость) үш буынмен оқылады [қы қы сы], салық төлеушінің тіркеу нөмірі – СТН (РНН – регистрационный номер налогоплательщика) үш буынмен оқылады [сы ты ны]. Егер бұл аббревиатураларды дыбыстап айтатын болсақ, онда бір буын болады [ққс], [стн] – айтылуы өте қиын және естілуі де жағымсыз.

Дыбысты аббревиатура бүтін сөз болып, бір буын сияқты айтылады. Мысалы: БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары (СМИ – средства массовой информации), СІМ – Сыртқы істер министрлігі (МИД – Министерство иностранных дел). Бұлар былайша айтылады: БАҚ - [бақ], ал СІМ - [сім]. Дыбысты аббревиатуралар буындарға бөлінбейді.

 

Аббревиатураларды жазуда қолдану

Аббревиатура дербес сөз, бір ұғымның біртұтас дыбыстық айтылуы болып табылады. Оны жазуда қолдану кезінде соңғы әріптің мәнін ашудың қажеті жоқ, өйткені аббревиатураға дұрыс жалғау жалғанбауы мүмкін.

Егер аббревиатураның бір әрпінің мәні ашылса, онда толық атауы қолданылуы қажет, бұл жағдайда қалған әріптердің  де мәні ашылуға тиіс. Аббревиатураға септік жалғауын бүтін сөзге қолданатындай жалғау қажет, сол кезде үндестік заңының ережесін қолданған жөн: ұяң дыбыстан соң - ұяң,  қатаң дыбыстан соң – қатаң, жіңішке дыбыстан соң - жіңішке, жуан дыбыстан соң жуан жалғау жалғануы қажет және т.с.с.

Әріптік аббревиатураларда дауыссыз дыбыстардың атауы [ы] жуан дауысты дыбыс арқылы айтылады, мыналардан басқа: «к», «г», бұлар әрқашан жіңішке [кі], [гі] болып айтылады.

Мысалы: ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ТОО – товарищество с ограниченной ответственностью) бұл әріптік аббревиатура үш буынмен оқылады [жы шы сы]. Осы аббревиатураны сөйлемде қолдану кезінде оған жуан жалғау жалғанады, өйткені  әріпті атау үшін қатаң [с]-мен қолданылатын соңғы [ы] дыбысы, жуан болып айтылады. Мысалы: «Сұңқар» ЖШС-нан, «Бүркіт» ЖШС-ның.

Толық атауларды пайдалану кезінде септік жалғауы соңғы сөзге жалғанады. Мысалы: «Сұңқар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен, «Бүркіт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері.

Келесі мысал: АҚ – акционерлік қоғам (АО – акционерное общество) – дыбысты аббревиатура, ол [ақ] - бір буын ретінде оқылады, оған қатаң жалғау жалғанады, өйткені соңғы дыбыс - [қ] қатаң.

Жазуда пайдаланылатын мысалдар: «Нұр» АҚ-тан, «Бекзат» АҚ-қа.

Толық атауларды қолдану кезінде септік жалғауы басқаша болады: «Нұр» акционерлік қоғамынан, «Бекзат» акционерлік қоғамына.

* Ресми құжаттарда, шығыс хаттарда қысқарған күрделі сөздерді пайдалану кезінде мәтіннің басында нысанның толық атауы жазылады, ал жақша ішінде қысқарған атауы беріледі. Бұдан әрі мәтінде, жақша ішінде көрсетілген нысанның қысқарған атауын қолдануға болады.  Мысалы, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – ҚР ИЖТМ) хабарлайды...

Қысқарған атаулар толық жазылып көрсетілмесе, қолдануға болмайды, бұл жазу мәтінін ұғынуға қиындық туғызады. Осы кезде мемлекеттік немесе өзге тілге дұрыс аудармау қаупі туындайды, сондай-ақ хатқа берілген жауапта толық атауының ажыратылып көрсетілуі және қолданылуы дұрыс болмауы ықтимал, бұл адресатты ренжітуі мүмкін.

Атаулар орыс тілінде «агентство», «комитет», «департамент», «управление», «отдел», «организация» сөздерінен басталады және т.с.с. Бұл сөздер атауларда бірінші сөз болып табылады, сондықтан бас әріппен жазылады. Мысалы: Департамент по работе с персоналом (ДРП), Агентство Республики Казахстан по регулированию естественных монополий (АРЕМ – Антимонопольное агентство), Организация по безопасности и сотрудничеству в Европе (ОБСЕ).

Бұл сөздерді («агентство», «департамент» және т.с.с.) қазақ тіліне аударған кезде, атаудың соңында келеді және кіші әріппен жазылады, ал атаудағы тек бірінші сөз ғана бас әріппен жазылады: Қызметкерлермен жұмыс жүргізу департаменті (ҚЖД), Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (ТМРА Монополияға қарсы агенттік), Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ).

Орысша аббревиатураларды ажыратып толық жазып көрсету және оларды қазақ тіліне аудару кезінде бір ұғымды білдіретін кейбір сөздер екі сөз – сөз тіркесі арқылы аударылады. Мысалы: обеспечить – қамтамасыз ету, услуги – қызмет көрсету, по работе – жұмыс жүргізу, налогоплательщик – салық төлеуші. Мұндай жағдайларда қазақ аббревиатураларында бір ұғымды білдіретін сөз тіркесінің тек бірінші сөзінің басқы әрпі қолданылады. Мысалы: Регистрационный номер налогоплательщика (РНН)  – Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН), Департамент по работе с персоналом (ДРП») – Қызметкерлермен жұмыс жүргізу департаменті (ҚЖД), отдел по обеспечению сохранности ценностей  (ООСХ) – Құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету бөлімі (ҚСҚБ).

Глоссарий к тексту
  • Қысқартылған сөздер
    Сокращенные слова
  • Аббревиатура
    Қысқарту
Найти словосочетание
Чат-бот