Translit
Раздел "Translit", это онлайн-сервис автоматической транслитерации с кириллицы на латиницу согласно разработанной последней версии казахско-латинского алфавита.
Далее

БҰРЫШТАМА (РЕЗОЛЮЦИЯ)

25.02.2020
/
скачан 1439 раз

Бұрыштама жазу – түскен құжат мазмұнымен сіздің танысқандығыңыздың ғана емес, сонымен қатар ол бойынша шешім қабылдағаныңыздың, нұсқау бергендігіңіздің белгісі. Сіздің күнделікті танысып, нұсқау беретін құжаттардың санын түрлігіне қарай, жазылатын бұрыштама түрі де соншалықты көп болуы мүмкін. Ең бастысы бұрыштама қысқа жазылуы керек. Онда нұсқауды орындауға тиіс адам мен орындалу мерзімі анық көрсетілуі керек. Не істеу керектігі де нақты көрсетілуі тиіс. Бұрыштамада мағынасы екі ұшты сөздер жазылмайды.

Бұрыштама үлгісі:

1.Таныстым;

2. Келісемін;

3. Бекітемін;

4. Растаймын;

5. Куəландырамын;

6. Қарыс емеспін;

7. Қызметінен босатылсын;

8. Орындалсын;

9. Шешілсін;

10. Қаралады;

11. Іске қосылсын;

12. Тапсырылсын;

13.Жолға қойылсын;

14. Жауапты адам

тағайындалсын;

15. Шара қолданылсын;

16. Өтемақы төленсін

17. Жəрдемақы берілсін;

18. Мəселе қаралады;

19. Бекітілсін;

20. Қабылданбайды;

21. Жеке еңбек шарты бұзылсын;

22. Бақылауға алынсын;

23. Өзгерістер енгізілсін;

24. Тағайындалсын;

25. Арнайы комиссия құрылсын;

26. Қосымша мүмкіндіктер қарастырылсын.

26. Жұмыстан шығарылсын

27. Жарамсыз деп танылсын;

 

Бұрыштама құжаттың бірінші бетінің жоғарғы жағына жазылады. Брошюра түріндегі құжаттардың мұқабасына жазылады.

Қаламмен, мүмкіндігінше анық, үлкендеу етіп, қысқартуларсыз жазу керек. Нұсқауды орындау тапсырылатын адамның фамилясы, аты-жөнінің басқы әріптері, орындау мерзімі анық жазылады, ай мерзімі екі санмен көрсетіледі. Мысалы, наурыз – 03 («3» емес) қаңтар – 01 («1» емес). Бұрыштама да ресми стильде жазылады. Басы артық сөздер қолданылмай, істің негізгі мәні ғана айтылады. Бұрыштама соңына күн жазылып, басшы қолы қояды немесе фамилиясы жазылады.

Ең бастысы, бұрыштама қысқа жазылуы керек. Онда нұсқауды орындауға тиіс адам мен орындалу мерзімі анық көрсетілуі керек. Не істеу керектігі нақты көрсетілуі тиіс. Бұрыштамада мағынасы екіұшты сөздер жазылмайды.

Похожие документы
DOCX
скачан 1754 раза
Чат-бот