Translit
Раздел "Translit", это онлайн-сервис автоматической транслитерации с кириллицы на латиницу согласно разработанной последней версии казахско-латинского алфавита.
Далее

Хаттамадан үзінді көшірмені ресімдеу

Теги:

Үзінді көшірме – түпнұсқа құжаттың бір бөлігін көрсететін және белгіленген тәртіппен куәландырылатын көшірме.

Хаттамадан үзінді көшірмелер  қабылданған шешімдер туралы мүдделі ұйымдар мен тұлғаларды хабардар ету үшін, сондай-ақ қабылданған шешімдерді растау мақсатында ресімделеді.

Отырыстың, жиналыстың хаттамасынан үзінді көшірмеде мынадай деректемелер қамтылады:

  • құжат түрінің атауы(хаттамадан үзінді көшірмені);
  • кәсіпорынныңатауы;
  • отырыстыңкүні;
  • хаттаманөмірі;
  • жасалғанорны;
  • төраға мен хатшыныңтегі, атын, әкесініңаты (болған жағдайда);
  • қатысушылардың және шақырылғандардың саны;
  • мәтін (тыңдалды, шешім қабылдады);
  • үзінді көшірмені куәландыру туралы белгі.
Чат-бот