Translit
Раздел "Translit", это онлайн-сервис автоматической транслитерации с кириллицы на латиницу согласно разработанной последней версии казахско-латинского алфавита.
Далее

Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы

19.05.2020
/
скачан 1002 раза

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

1996 жылғы 2 ақпандағы № 2923

Қазақстан Республикасы азаматтарының тегі мен әкесінің атын қазақша жазу тәжірибесін қазақ халқының қалыптасқан тарихи дәстүрлеріне сәйкес келтіру жөніндегі көптеген өтініш-тілектерін ескере келіп, қаулы етемін:

Ұлты қазақ азаматтар өздерінің тегі мен әкесінің атының жазылуын қазақ тіліне тән емес аффиксті алып тастай отырып, өзгертуге хақылы, алайда тегі мен әкесінің атының түбірлік негізі сақталуға тиіс. Бұл ретте әкесінің атын жазған кезде азаматтың жынысына қарай «ұлы» немесе «қызы» сөздері қосылып, бірге жазылады.

Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және жеке басының куәлігін берген кезде республика әділет органдары осы Жарлықтың 1-тармағында көзделгендей, тегі мен әкесінің атының жазылуын оңайтылған тәртіппен, азаматтық хал-ахуалын жазу актілеріне өзгертулер енгізусіз жүргізеді деп белгіленсін.

Ескерту. 2-тармаққа ҚР Президентінің 2005 жылғы 29 қаңтардағы № 1515 жарлығымен өзгеріс енгізілді.

Азаматтың тегі мен әкесінің атының жазылуын өзгертуі оның құқықтық субъектілігін қозғамайды, яғни тегі мен әкесінің атының бұрынғы жазылуында алған құқықтары мен міндеттерін доғаруға немесе өзгертуге негіз бола алмайды.

Азаматтардың тегін, есімін, әкесінің атын өзгертуге байланысты қалған барлық өзге мәселелер Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес шешіледі.

Республика Үкіметі өзінің құқықтық нормативтік актілерін және республиканың орталық атқарушы органдарының актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіруді қамтамасыз етсін.

Осы Жарлық, 1996 жылдың 1 мамырынан күшіне енетін 2-тармағын қоспағанда, жарияланған күнінен бастап күшіне  енеді.

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Ресми құжаттарда азаматтардың аты-жөнін

дұрыс ресімдеу

Құжатта мемлекеттік тілде азаматтардың атын, әкесінің атын, тегін (бұдан әрі – аты-жөні)  ресімдеу барысында біршама қиындықтар туындайды.

Бұл жағдайда біз Қазақстан Республикасының заңдарына сүйенуіміз керек. «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегi № 151 Заңының 20-бабында жазылған: «Кiсi есiмiн, әкесiнiң есiмiн және тегiн ресми құжаттарда жазу Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес келуге тиiс».

 Сонымен, осы Заңның 20-бабына сәйкес қазақ және орыс тіліндегі ресми құжаттарда азаматтардың аты-жөнін жеке куәлігі бойынша ресімдеуге тиіспіз.

Егер ұлты қазақ азаматтың жеке куәлігінде аты-жөні орыс қарпімен жазылса, ресімделетін құжаттың қазақ тіліндегі және орыс тіліндегі нұсқаларында оның аты-жөні орыс қарпімен жазылады. Мысалы: «Перизат Сакеновна Камашева ... қабылдансын». «Принять Камашеву Перизат Сакеновну ...».

Егер ұлты қазақ азаматтың жеке куәлігінде аты-жөні қазақ қарпімен жазылса, ресімделетін құжаттың қазақ тіліндегі және орыс тіліндегі нұсқаларында оның аты-жөні қазақ қарпімен жазылады. Мысалы: «Сақтаған Өмірбайұлы ... қабылдансын». «Принять Өмірбайұлы Сақтаған  ...».

2009 жылғы 25 қыркүйектегi № 128 «Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгiлiк ережелерiнің» (бұдан әрі – Үлгілік ережелер) 10-бабында жазылған: «Құжаттар мемлекеттiк тiлде дайындалады, қазақ тiлiмен қатар ресми түрде орыс тiлi де қолданылады. "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен қарастырылған жағдайда басқа тiлдер де қолданылады.

Мемлекеттiк тiлдегi және онымен бiр мезгiлде жасалған өзге тiлдегi тең түпнұсқа құжаттардың әрқайсысы жеке бланкiлерде (жеке парақтарда) басылады және бiрдей деректемелермен ресiмделедi».

Сөйтіп, құжаттың әр нұсқасын бөлек бланкіге (параққа) басуға тиіспіз, 
 бұл ретте ресімделетін құжатта азаматтың аты-жөні жеке куәлігі бойынша жасалады. Азаматтың аты-жөні құжатта куәлік бойынша ресімделмеген жағдайда, болашақта сол азамат әртүрлі қиыншылықтарға ұшырауы мүмкін. Мысалы, егер құжат тек мемлекеттік тілде дайындалып, азаматтың аты-жөні қазақ қарпімен басылса (ал оның аты-жөні жеке куәлігінде орыс қарпімен жазылса (қазақ қарпінсіз), бірде-бір органда, ұйымда оның құжаты өтпейді, өйткені ол құжаттың заңды күші жоқ. Себебі азаматтың құжатында жазылған аты-жөні және жеке куәлігінде жазылған аты-жөні бір-біріне сәйкес келмейді.

Сондықтан, осындай жағдайларды болдырмау үшін ресми құжаттарды азаматтардың жеке куәлігі бойынша ресімдеген дұрыс.

Глоссарий к тексту
  • Ұлты қазақ
    Национальность казах
  • тегі
    фамилия
Найти словосочетание
Чат-бот