Translit
Раздел "Translit", это онлайн-сервис автоматической транслитерации с кириллицы на латиницу согласно разработанной последней версии казахско-латинского алфавита.
Далее

Түсініктеме жазу, құрылымы

14.06.2020
/
скачан 1645 раз

Объяснительная записка – это один из видов служебной записки, который содержит объяснения причины какого-то события, поступка, факта: причины опоздания на работу, прогула, отсутствия ученика в школе на уроках, невыполнения задания и т.п. Также объяснительная может сопровождать основной документ и содержать пояснения его отдельных положений.

По своей форме объяснительная похожа на докладную записку, отличие между ними в том, что текст последней содержит еще определенные выводы и предложения.

Түсініктеме қандай да бір ұжым қызметкерінің (студенттің, оқушының) белгілі бір іс-әрекетті, деректі, оқиғаны түсіндіру мақсатында ұжым басшысының (ректордың//деканның//мектеп директорының) атына жазатын хабарламасы. Түсініктеме ішкі еңбек кестесінің немесе еңбек тәртібі ережесінің бұзылуы, сондай-ақ басшылық тарапынан берілген нақты тапсырмалардың орындалу мерзімінің бұзылуына орай жазылады. Түсініктемені жұмыскер (студент, оқушы) өз қолымен жазады. Себебі, жұмыскер мен жұмыс беруші арасында түсініспеушілік туындаған  жағдайларда түсініктеме дәлел, айғақ ретінде пайдаланылуы мүмкін. Бұл құжат  мәтінінде түсініктемені жазуға себеп болған оқиға,  іс-әрекет; орын алған оқиғаның мән-жайын түсіндіретін нақты деректер толық көрсетіледі. Жұмыскер өз қолымен жазылған түсініктемеде нақты деректер мен сенімді уәждерді баяндауы тиіс. Сондай-ақ жұмыскер түсініктемеге қоса өз іс-әрекетін немесе болған оқиғаны растайтын құжатты немесе ақпаратты ұсына алады. Кейбір кәсіпорындарда немесе білім беру мекемелерінде түсініктеменің бекітілген типтік нысандары болуы мүмкін.

Түсініктеме жазылатын жағдаяттар:

- жұмыскердің өз лауазымдық міндеттерін тиісті деңгейде орындамауы;

- себепсіз жұмыстан қалуы;

- тиісті ақпарат пен қажетті құжаттардың дер кезінде ұсынылмауы;

- нақты тапсырманың орындалмауы;

- апталық/айлық жоспардың орындалмауы;

- тоқсандық/жылдық есептердің белгіленген мерзімнен кешіктірілуі;

- құжаттардың жоғалуы және т.б.

Жұмыскер өз тарапынан еңбек тәртібінің бұзылуына жол бермеген жағдайда, тәртіптік жаза шарасымен келіспейтіндігі туралы түсініктеме бере алады.

Глоссарий к тексту
  • Түсініктеме
    Объяснительная
  • Құрылым
    Структура
Найти словосочетание
Похожие документы
DOCX
скачан 2525 раз
Чат-бот