Translit
Раздел "Translit", это онлайн-сервис автоматической транслитерации с кириллицы на латиницу согласно разработанной последней версии казахско-латинского алфавита.
Далее

Синтаксистік норма

28.07.2020
/
скачан 1363 раза

Синтаксистік норма - сөйлем құрылысының алуан түрлі бөлшектерінің қиюын тауып орналасқан, жұртқа әбден дағдылы болған қалыптары. Тілдік ортада өскен адам сөйлемнің синтаксистік жүйесін орынды пайдалануда көп қателікке ұшырамайды. Өйткені сөздердің орын тәртібі, сөйлем мүшелерінің байланысу заңдылықтары тілімізде мейлінше тұрақталған. Сөйлем құрылысын бұзбай айтудың бір амалы – сөйлем мүшелерін дұрыс орналастыру. Сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтап жазу үшін қазақ әдеби тілінің ережелерін білу керек. Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, жалпы алғанда, тұрақты. Ол орыс тіліндегідей еркін емес, жалпы ереже бойынша баяндауыш сөйлемнің ең соңында, бастауыш одан бұрын, анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш өздері қатысты сөздерден бұрын тұрады. Өз орнында тұрмаған сөз тыңдаушы немесе оқырманға оғаш көрініп қана қоймай, сөйлемнің мағынасын да өзгертіп жібереді. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі әр тілдің өзіне тән ішкі заңы мен ережелеріне тікелей байланысты. Синтаксистік нормалар сөйлем құрастыру мен сөз тіркестерін реттейді. Осы жерде орыс тілінен калькалау әдісімен жасалған құрылымдардың синтаксистік нормаларды бұзып жүргенін айта кеткіміз келеді. Мысалы, «я думаю» деген сөйлемнің басында тұратын тіркес тікелей аударылып, «мен ойлаймын» деп сөйлемді бастау жиі кездеседі. Синтаксистік норма бойынша ол тіркес, меніңше деген қыстырма сөзден басталуы керек. Синтаксистік норманың ерекшелігі туралы Р.Сыздық: «Синтаксистік нормаларды ұстану өзге салалардың заңдылықтарына қарағанда әлдеқайда еркіндеу болып келеді. Синтаксис – автор стилінің көрінісі. Сондықтан синтаксистік нормалардың көп түрлілігі, құбылып отыратындығы тілдік нормалардың өзіне байланысты емес, шығарма жанрына, авторына, автордың көркемдік идеалына байланысты болады» деп жазады. Сөздердің айтылу әуенін, ой екпінінің қай сөзге түсетінін білдіру үшін ақын-жазушылар өз шығармаларында сөйлемдегі сөздердің орын тәрібін өзгертіп қолданады. Сөздердің орын тәртібін өзгертіп қолдану поэзияға тән. Ол поэзия тілінің ырғақ пен ұйқасқа құрылуымен байланысты. Синтаксистік норманы бұзып сөйлеу, жазу БАҚ-та жиі кездеседі. Бұл журналисттердің әдеби тіл нормаларын жетік білмеуінен болады. Десек те, сөйлем мүшелерінің орын тәртібінің өзгеруі стильдік қатеге ұрындыратынын да естен шығармағанымыз абзал.

Чат-бот