Translit
Раздел "Translit", это онлайн-сервис автоматической транслитерации с кириллицы на латиницу согласно разработанной последней версии казахско-латинского алфавита.
Далее

Ғылыми-техникалық мәтіндерді аудару

04.08.2020
/
скачан 1126 раз

Ғылыми-техникалық мәтіндердің өзегі – терминдер, сондықтан ықшамдылық, қолдануға қолайлылық, жүйелілік талаптарына да сай келіп, ұғым мазмұнын дәлірек беретін болуы тиіс. Сонымен:

1) Аударма сөзбе-сөз аударма болуы тиіс емес, мәтін мазмұны оқырманға түсінікті тілмен жеткізілуі шарт.

2) Әрбір аудармашының дербес компьютерде өз алдына жұмыс жасау қабілеті мен икемділігі болуы шарт.

3) Аудармашының фондық білімінің (техникалық материалдарды аударса, техникадан жақсы хабардар болуы, ұлттық әдебиеттерді аударса, ұлтгтық болмыстан жақсы хабардар болуы т.с.с.) қажетті деңгейде болуы.

4) Аудармашы аударма барысында орфографиялық, пунктуациялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды қатаң басшылыққа алуы қажет.

5) Аудармашы өзіне тапсырылған материалдардың мазмұнын бөгде адамдарға жарияламауы керек.

6) Аудармашы термин сөздердің баламасын табуда өз еркіне салмай, ғылыми салалардағы сөздіктерді басшылыққа алғаны жөн.

7) Аудармашы өз бетімен түпнұсқа мәтінін өзгертуге: қысқартуға немесе толықтыруға құқылы емес (өзгерістерді тапсырыс берушінің өзі ескерткен жағдайлардан басқа кездерде).

8) Аудармашы аударма мәтінінің мазмұнын ғана емес, сыртқы пішінін де (шрифт өлшемі, тақырып атауларының орналасуы, абзац, бет нөмірлері, кестелердің орналасуы) түпнұсқа мәтініне сай рәсімделуін қадағалауы қажет.

9) Аударма мәтінді қолданушы адамдардың (оқушының, жұмысшы маманның) дайындығын ескере отырып, қысқарған атауларды қажет жерінде тарқатып аудару қажет.

10) Терминдегі мағына екіұштылығын жою үшін контекст қызметін пайдалану қажет.

11) Мәтіндерде ой нақтылығы, дәлдігі, дұрыстығы, түсінікті дәйектілігі болғанын қадағалау қажет.

12) Калькамен аударуға рұқсат беріледі. Бірақ мағыналық калька басты назарда болуы керек, кей сөзді калькамен аударуға болса да, аударма тілдегі сөз әлеуетіне қарап, қолданбалы практикалық факторға сүйеніп басқа балама алуға болады.

13) Аударма өнімдері компьютерде сауатты теріліп, орындалған жұмыс актісімен ресімделіп, тапсырысшыға өткізілуі шарт.

Ғылыми стильде зерттеу нысаны болған зат пен құбылыс ғылыми негізде сипатталып, белгілі теориялық негіздермен дәлелденіп, логикалық жағынан негізгі ой мен құбылыстың байланысы нақтыланып, белгілі жүйеге құрылған хабарлы, өзекті, дәлелді, ой қисыны қорытындыланған ғылыми тұжырым жасалынады. Сондықтан ғылыми-техникалық мәтіндерде ой нақтылығы, дәлдігі, дұрыстығы, түсінікті дәйектілігі болғанын қадағалау қажет. Ғылыми-техникалық мәтіндер, негізінен, әдеби тіл нормасына сәйкес келеді. Сондықтан аудармашы нормадан ауытқудың шамасын межелеп алып, сонан соң нормамен салғастыруы керек. Ғылыми-техникалық мәтіндерде стереотип көп қолданылатынын есте ұстаған жөн. Мұндай мәтіндерде ғылымның басқа салаларына да ортақ атаулар мен тіркестер қолданыла береді. Калькамен аударуға рұқсат беріледі. Бірақ мағыналық калька басты назарда болуы керек. Сөз санын сақтау міндет емес. Кей сөзді калькамен аударуға болса да, аударма тілдегі сөз әлеуетіне қарап, қолданбалы практикалық факторға сүйеніп басқа балама алуға болады (сварка – пісіру емес, дәнекерлеу, шов – тігіс емес, жік т.с.с.).

Халықаралық деңгейде кең қолданылатын, көп халыққа сіңісті терминдерді аударуға транскрипция әдісі қолданылады.

Глоссарий к тексту
  • ғылыми-техникалық мәтін
    научно-технический текст
Найти словосочетание
Чат-бот