Translit
Раздел "Translit", это онлайн-сервис автоматической транслитерации с кириллицы на латиницу согласно разработанной последней версии казахско-латинского алфавита.
Далее

Қыстырма сөздер

02.08.2020
/
скачан 1031 раз

Қыстырма сөз - сөйлеушінің не жазушының айтылған ойға әртүрлі көзқарасын, сезімін білдіретін модальдық мәні бар сөздер. Қыстырма сөз бір сөзден де, бірнеше сөзден де тұратыны белгілі. Кей реттерде сөйлем түріндегі қыстырма сөздер де кездеседі.

Қыстырма сөздер мағынасына қарай төмендегідей топталады:

1. Сөйлемдегі ойға сендіру мақсатындағы қыстырма сөздер: әрине, әлбетте, рас, шынында, шынын айту керек, жасыратыны жоқ, турасын айтқанда, әділіне келгенде, т. б.

2. Сөйлемдегі ойға күмән келтіру мағынасындағы қыстырма сөздер: сірә, мүмкін, шамасы, меніңше, қалай екені белгісіз, т.б.

3. Алдыңғы айтылған ойға қорытынды жасау мақсатындағы қыстырма сөздер: қысқасы, тоқ етері, демек, түйіп айтқанда, сайып келгенде, жалпы алғанда, т. б.

4. Көңіл күйге байланысты қыстырма сөздер: бәсе, бақытымызға қарай, амал не, өкінішке қарай, сәті түсіп, т. б.

5. Ойды санамалап айту үшін қолданылатын қыстырма сөздер: ең алдымен, екінші жағынан, біріншіден, т. б.

 

Қыстырма сөздің тыныс белгісі – үтір. Қыстырма сөз:

- сөйлем басында келсе, одан кейін;

- сөйлем ортасында келсе, екі жағынан;

- сөйлем соңында келсе, алдынан үтір қойылады.

Сөйлеу барысында өз дәлелдемелерін ұсыну, негіздеу барысында менің ойымша, меніңше, біздің көзқарасымызша, біздіңше деген қыстырмалар арқылы берілетін бағалауыштық құрылымдар автордың өзіндік көзқарасын білдіру үшін жиі пайдаланылады.

 

Нақты мысалдарға назар аударайық:

Бірақ, өкінішке қарай, сол тілектердің бәрі аяқсыз қалған.

Демек, күн тәртібіндегі бұл мә­селенің шешімін сағызша со­зуы­мызд­ың жөні қайсы?

Cайып келгенде, қа­лың жұртшылықтың ортақ тілегі осы көше атауы ардақты ақсақал­дың есімімен ауыстырылса дегенге саяды.

Бізге, ең бастысы, халықтың өмір сапасын арттыратын саясат қажет.

Елорда әкімі мектептер мен колледждердің директорларына жаңа оқу жылына қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай дайындалуды тапсырды. Дәлірек айтсақ, санитайзерлер орнатып, қашықтықты сақтау туралы белгілерді орнату шарт.                                                                                                                                                                                                                                                                         

Глоссарий к тексту
  • қыстырма сөз
    вводное слово; вставляемое в речь слово; реплика
  • қыстырма сөйлем
    вводное предложение
  • қыстырма сұрақ
    вопрос на ходу
Найти словосочетание
Похожие документы
DOCX
скачан 844 раза
DOCX
скачан 1129 раз
Чат-бот