Актіні дайындау мен рәсімдеу тәртібі
Акт мазмұны белгіленген фактілер мен оқиғаларды растайтын ақпарат болып табылады. Акт аталмыш фактты растайтын бірнеше тұлғалармен құрастырылады (қабылдап - тапсыру (жұмыстарды, материалдық құндылықтарды, құжаттарды), зерттеу (қауіпсіздік техникасының, өрт қауіпсіздігінің жай-күйі, еңбек жағдайының іс-әрекеті нәтижесінде), сынақ (үлгілердің, жүйелердің, технологиялардың), жоюға бөлу (материалдық құндылықтарды, құжаттарды), беру, бекітілген түгендеуді техникалық (атқарылған жұмыстардың, бас тартулардың, байқаулардың, бас тартуларды жою, салыстырып тексерулердің, көрсетілген қызметтердің және тағы басқа) тексеру ережелерінің бұзылуын, апаттарды, жазатайым оқиғаларды, ұйымдарды жоюды анықтайды (бекітеді).
Акт жалпы бланк негізінде рәсімделеді. Ұйым ішінде жасалған және оның шегінен шықпайтын актіні бланкісіз рәсімдеуге болады.
Акт деректемелері:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы немесе эмблема, логотип, тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі);
2) ұйымның ресми атауы;
3) құжат түрінің атауы;
4) күні;
5) актінің тіркеу нөмірі (индексі);
6) акті шығарылған жер;
7) бекіту грифі (кейбір жағдайда);
8) мәтіннің тақырыбы;
9) мәтіні;
10) қолы болып табылады.
Акт мәтіні кіріспе, айқындаушы екі бөліктен тұрады.
Кіріспеде акті жасаудың негізі көрсетіледі, жасаушылар және қажет жағдайда қатысқан тұлғалар санамалап келтіріледі.
Актінің айқындаушы бөлігінде – атқарылған жұмыстың мәні мен сипаты, белгіленген фактілер жазылады, тиісті деректер келтіріледі.
Актіде тұжырымдамалар, ұсынымдар, орындалуы тиіс іс-шаралар көрсетілуі мүмкін. Мәтіннің соңында қойылатын қолдардың алдында акті данасының саны мен олардың орналасқан жері туралы мәліметтер орналастырылады. Актінің даналар саны туралы белгіден кейін, оған қосымша (бар болған жағдайда) туралы белгі қойылады.
Актіге төраға және комиссия мүшелері, немесе актіні құрастырған тұлға (тұлғалар) қол қояды. Актіге қол қоятын тұлғалардың тегі әліпбилік тәртіппен көрсетіледі, лауазымдары көрсетілмейді.
Тұлғаларды актімен таныстыру қол қою арқылы жүргізіледі. Актінің мазмұнымен келіспейтін тұлға, өз пікірін білдіре отырып қол қоюға міндетті. Комиссия мүшесінің ерекше пікірі жеке парақта рәсімделіп, актіге қосымша берілуі қажет.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың
және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларынан
2014 жылғы 22 желтоқсан