Translit
Раздел "Translit", это онлайн-сервис автоматической транслитерации с кириллицы на латиницу согласно разработанной последней версии казахско-латинского алфавита.
Далее

Варианттылық

25.07.2020
/
скачан 1802 раза

Варианттылық (лат. varians - өзгеретін) – тілдің әртүрлі жағдайда қолданылуына және әлеуметтік, территориялық ерекшелігіне байланысты анықталатын түрлері мен өзгерістері. Варианттылық тілдің, тіл бірліктерінің коммуникативтік қызметіне қатысты күрделі және жан-жақты қасиеттерінің бірі. Оның мәні «вариант», «инвариант» ұғымдары арқылы ашылады. Әрбір лексикалық бірлік өзінің мағыналық бірлігін сақтай отырып, көптеген варианттар түрінде көрінеді. Кең көлемде тілдің территориялық, әлеуметтік, стилистикалық, функционалдық, ұлттық т.б. формаларда өмір сүруі де варианттылықтың көрінісі болып табылады. Варианттылық алғашында фонология саласында қарастырылған. Бір фонеманың әртүрлі дыбысталуы вариант, ал фонеманың өзі негізгі мәні өзгермейтін инвариант деп түсіндірілген.

Тіл бірліктерінің варианттары мен инварианттары тіл жүйесінің әртүрлі деңгейін тудырмайды. Бір тіл деңгейінің көлемінде варианттық және иварианттық бірліктер мол кездеседі. Фонема және фон, морфема және морф – әрқайсысы өз деңгейіне тән бола отырып, соған сай топтарды білдіреді. Н.Уәли варианттардың төмендегідей түрлері мен типтерін беріп, оларды саралаудың жолдарын көрсетеді:

1. Дыбыстық ықпалдасудың барысында пайда болған варианттар. (бұны/мұны, бағана/мана, сүйінші/шүйінші т.б.)

2. Ықшамдалу үрдісімен байланысты варианттар (әлгінде – әлгіде, кейіннен – кейін, мынандай – мынадай).

3. Универбтену үрдісімен байланысты варианттар. Қазіргі қазақ тілінде көп, әсіре, бір тәрізді лексемалар бірде бөлек, бірде бірге таңбаланады: көп балалы – көпбалалы (отбасы), бір жақты – біржақты (шешім); жек көру – жеккөру (жеккөрушілік), орыс тілді – орыстілді; қазақ тілді – қазақтілді, көп үнділік – көпүнділік т.б. бұлар біріккен нұсқалы басым сыңар деп аталады.

4. Қате қолданылатын дағдыға айналған варианттар: құсбегі – құсбегіші, аттестаттау – аттестациялау, бітімгер – бітімгерші.

Варианттылық құбылысын динамикалық қасиетімен, семантикалық, функционалдық тұрғыдан саралану үрдісімен байланысты екі типке бөліп қарастырады:

1. Семантикалық жақтан саралану фазасындағы варианттар: Тамақ/тағам – тамақ (тамақ ішті), тағам (тағам әзірледі); арнаулы/арнайы – арнаулы (арнаулы оқу орыны), арнайы (арнайы келді);

2. Функционалдық жақтан саралану фазасындағы варианттар: Болып/боп – болып (бейтарап) – боп (сөйлеу тілі), тең жарымы/ тең жартысы – тең жартысы (бейтарап), тең жарымы (сөйл.), келді білем/келген болу керек – келді (бейтарап).

Тілдік бірлік варианттарының тағы бір типіне сөздердің тұлғалық ерекшеліктері жатады: алғашында – алғашқыда, жаңғыз – жалғыз, түгендеу – түгелдеу т.б. жарыспалы сөздер жатады. Бұлардың жетекші сыңарын айқындап, біріне басымдылық беруде олардың тұлғалық типтестігі сияқты ерекшеліктеріне назар аудару қажет.

ВАРИАНТТЫ СӨЗДЕР Вариантты сөздер - ұқсас тілдік бірліктердің жарыспа қатарлары немесе лексикалық бірлігінде өзгешелігі жоқ, бірақ морфемдік құрамы ұқсас сөздер. Вариант құбылысын әдеби норма қырынан қарастырар болсақ, вариантты сөздер қолданылу аясында синоним сияқты өзгеріске ұшырамайды. А.Айғабылұлы вариант сөздердің төмендегі жасалу жолдарын ұсынады:

1. Дыбыстардың алмасуы арқылы жасалады: томпай - томпый, айқай - айғай, міне - міні, бұны - мұны.

 2. Метатеза жолымен жасалады: есіт - есті, керік - кергі.

3. Қыстырма дыбыс қойылу арқылы жасалады: иеле – ие(м)де – иемде, иік – и(л)ік-илік, емізік - еміз(д)ік.

4. Дыбыстардың түсірілуі арқылы жасалады: суғар-суар, тарқа-тара.

5. Төл сөзімізбен мағыналас басқа тілден енген сөздер арқылы жасалады: Әтеш-қораз. Мұндағы қораз сөзі иран тілінен енген. Ұқсау-ұсау, гөрі-көрі, түңлік-түндік, азар-әзер, қазір-кәзір, сайтан-шайтан, мысық-мышық т.б. вариант сөздердің тұлғаларында айырмашылық бар, бірақ мағыналары сырттай синонимдерге ұқсас. Синонимдік қатардағы сөздердің мағыналарында аз да болса реңктік, не стильдік, не эмоционалдық ерекшеліктері болады. Ал сөз варианттарында мұндай ерекшеліктер болмайды. Дегенмен вариант тұлғалардың кейбірі жүре келе мағыналық жағынан сараланып, стильдік реңкке ие болып, мүлдем бөлек ұғымды білдіретін жағдайы да болады. Мысалы: айғай-айқай (айхай- айһай / ойхой / ойһой).

Сөз варианттарының фонетикалық, морфологиялық, грамматикалық, лексикалық түрлері бар.

1. Фонетикалық вариант дегеніміз дыбыстық құрылымы әртүрлі болып келетін бір сөз: ештеме / ештеңе / ештеңке; сөйтіп /сүйтіп.

2. Морфологиялық варианттар – түбірлері сақталып, тек қосымшалары ғана әртүрлі болып келетін сөз варианттары жатады: даяр /дайын; тырысқақ / тырыспа (ауру аты) т.б.

3. Грамматикалық вариант түбір сөзге қосымша қосылу арқылы, екі түбір сөздің бірігуі немесе қосарлануы арқылы жасалған сөз варианттарын жатқызамыз. Мысалы: інжу /інжугүл / ландыш; боз/ бозаң / бозшөп.

4. Лексикалық мағынасы бірдей, бірақ тұлғалары мүлде бөлек сөздерді лексикалық вариант дейміз, олар әртүрлі түбірлерден жасалады. Мысалы: құлақшын / малақай т.б.

Лексикалық варианттар мынадай жолдар арқылы пайда болады:

1) Әртүрлі мотивке (уәжге) байланысты қалыптасқан варианттар: жолжелкен (уәжі-өсетін жері) /мыңтамыр (тамырының көптігі) / қызылтамыр (түсі) /қырықбуын (буын саны).

2) Шығу көзі әртүрлі болып келеді: қауын (әдеб) /діңке (жерг.) т.б.

3) Кірме сөздер бұрыннан бар атаулармен жарыса қолданылады; құдай (пар.) / алла (ар.) /тәңір (қаз.) т.б. Вариантты сөздерді тілдік норма тұрғысынан реттеп, бір жүйеге түсіру тілімізді ала-құлалықтан сақтауға жәрдемдеседі.

Глоссарий к тексту
  • Варианттылық
    Вариантность
Найти словосочетание
Чат-бот