Translit
Раздел "Translit", это онлайн-сервис автоматической транслитерации с кириллицы на латиницу согласно разработанной последней версии казахско-латинского алфавита.
Далее

Нормативтік-құқықтық актілерді ресімдеуде ескерілетін жайттар

23.11.2020
/
скачан 795 раз

1. Нормативтiк құқықтық актілерде және олардың қосымшаларында (нормативтiк құқықтық актілердің негізгі және туынды түрлері) орфографиялық және грамматикалық қателерге жол берiлмейдi.

2. Нормативтiк құқықтық актінің мәтiнiнде күнiн белгiлеген кезде айдың атауы жазумен, ал жылы толық көрсетiледi, мысалы: "2019 жылғы 6 қаңтар".

3. Нормативтік құқықтық актілер атауларының құрамына кіретін бірінші сөз бен жалқы есімдер бас әріппен жазылады. Мысалы:

Қазақстан Республикасының Жер және Су кодекстері

«Мемлекеттік функциялар мен бюджетаралық қатынастарды орталықсыздандыру мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (егер құжаттың атауы болмаса, жарлық деген сөз кіші әріппен жазылады. Мысалы: Президент жарлығын дайындауға әртүрлі салалардың мамандары, ғылыми мекемелер мен ғылыми қызметкерлер тартылуы мүмкін)  

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті

4. Мынадай сөздер кіші әріппен жазылады: өкім, қаулы, заңнама, хаттама, бұйрық, шешім. Мысалы: 

Қазақстан Республикасы Президентінің өкімі 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қаулысы

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қаулысы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының бұйрығы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мәжілісінің хаттамасы

Мәслихаттың нормативтік құқықтық шешімі

Астана қаласы әкімінің шешімі

5. Бағдарламалардың, халықаралық шарттардың, келісімдердің, конвенциялардың, сондай-ақ делегациялардың, комиссиялардың атауындағы бірінші сөз бен жалқы есімдер бас әріппен жазылады:

Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының және Премьер-Министрі өкімдерінің жобаларын ресімдеу жөніндегі нұсқаулық

Мемлекеттер арасында жасалатын келісімдерде, шарттарда келісімдердің, шарттардың атауы «арасындағы» деген сөзден кейін келетіндіктен, келісімнің, шарттың негізгі атауы ретінде одан кейінгі сөз бас әріппен басталады:

Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Чех Республикасы Үкiметi арасындағы Экономикалық, өнеркәсiптiк және ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келiсiм

Қазақстан Республикасы мен Австрия Республикасы арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты конвенция

6. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен бекітілетін құжаттар жобаларының атауын мәтінде былайша жазған жөн:

 

Жарғы    

Мысалы: Қоса беріліп отырған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамының жарғысы бекiтілсін

Тұжырымдама

Мысалы: Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2014-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы

Бағдарлама          

Мысалы: Тілдерді дамыту мен қолданудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Ереже                          

Мысалы: Донорлық қан мен оның компоненттерiн Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру ережесiн бекіту туралы

Жоспар                        

Мысалы: Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Тізбе

Мысалы: Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы

Құрылым                    

Мысалы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымын бекіту

Қосымша                     

Мысалы: Қосымшаға сәйкес арнайы және көлік құралдарының тізбесі бекітілсін

Глоссарий к тексту
  • Нормативтік-құқықтық актілер
    нормативно-правовые акты
Найти словосочетание
Чат-бот