Translit
Раздел "Translit", это онлайн-сервис автоматической транслитерации с кириллицы на латиницу согласно разработанной последней версии казахско-латинского алфавита.
Далее

БАС ӘРІПТІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

11.08.2020
/
скачан 802 раза

1. Географиялық атаулар (жалқы есімдер) бас әріппен жазылады: Алматы, Алатау, Іле, Балқаш, Сібір, Каспий теңізі, Тынық мұхит, Кеңқияқ, Нарын, Қосшағыл, Өскемен. Орыс тілі арқылы енген географиялық атаулар (жалқы есімдер) орыс тіліндегі түрінде жазылады: Орехово-Зуево, Великие Луки, Лос-Анжелос, Риоде-Жанейро, Бомбей, Куала-Лумпур. Аталуы бұрыннан қазақша қалыптасқан кейбір жер-су, мемлекет, қала т.б. аттары сол қазақша қалыптасқан түрінде жазылады: Қытай (Китай емес), Қырым (Крым емес), Омбы (Омск емес), Шыңжаң (Синьцзянь емес).

2. Кейбір мемлекет одақтарының, халықаралық ұйымдардың аттарының әрбір сөзі бас әріппен жазылады: Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы, Қауіпсіздік Кеңесі.

3. Жеке мемлекет ретіндегі республика аттарының әрбір сөзі бас әріппен жазылады: Қазақстан Республикасы, Әзірбайжан Республикасы, Қырғызстан Республикасы. Ал облыс, автономиялы облыс, өлке, аудан, ауылкеңесі аттарының бірінші сөзі ғана бас әріппен жазылады: Алтай өлкесі, Қарағанды облысы, Кеген ауданы, Жарқамыс ауылкеңесі.

4. Мемлекеттердің аттары бас әріппен жазылады: Қытай, Жапония, Франция, Бразилия, Польша. Кейбір мемлекеттердің күрделі атауларының әрбір сөзі бас әріппен жазылады: Америка Құрама Штаттары.

5. Агенттіктердің, радио, телекомпаниялардың аттары бас әріппен басталып жазылады: “Би-би-си (радиосы)”, “Азаттық (радиосы)”, “Америка дауысы (радиосы)”, “Қазақ радиосы”.

6. Тырнақшаға алынып жазылған зауыт, фабрика, трест, комбинат, спорт қоғамдары, кәсіпорын, шахта, кинотеатр т.б. аттары бас әріппен жазылады. Егер олар күрделі атаулар болса (бірнеше сөзден тұрған болса), бірінші сөзі ғана (және солардың ішіне кіретін жалқы есімдер) бас әріппен жазылады: “Жеңіс” шағын кәсіпорны, “Жетісу”аяқ киім фирмасы, “Самұрық кинотеатры, “Еңбек”спорт қоғамы.

7. Негізгі нормативтік құқықтық кесімдер атауларының құрамына кіретін бірінші сөз бен жалқы есімдер бас әріппен жазылады.

Мысалы: Қазақстан Республикасының Жер және Су кодекстері

* «Мемлекеттік функциялар мен бюджетаралық қатынастарды орталықсыздандыру мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (егер құжаттың атауы болмаса, жарлық деген сөз кіші әріппен жазылады.

Мысалы: Президент жарлығын дайындауға әртүрлі салалардың мамандары, ғылыми мекемелер мен ғылыми қызметкерлер тартылуы мүмкін.

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы (бірақ тіркестердегі заң күші бар деген сөздер кіші әріппен жазылады.

Мысалы: «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 20__ жылғы __ желтоқсандағы  № _ заң күші бар Жарлығы)

 

8. Бағдарламалардың, халықаралық шарттардың, келісімдердің, конвенциялардың, сондай-ақ делегациялардың, комиссиялардың атауындағы бірінші сөз бен жалқы есімдер бас әріппен жазылады:

Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын ресімдеу жөніндегі нұсқаулық

Қазақстан Республикасының үкіметтік делегациясы

Мемлекеттік рәмiздер жөнiндегi республикалық комиссия

 

9. Мемлекеттер арасында жасалатын келісімдерде, шарттарда келісімдердің, шарттардың атауы «арасындағы» деген сөзден кейін келетіндіктен, келісімнің, шарттың негізгі атауы ретінде одан кейінгі сөз бас әріппен басталады:

Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Чех Республикасы Үкiметi арасындағы Экономикалық, өнеркәсiптiк және ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келiсiм

Қазақстан Республикасы мен Австрия Республикасы арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты конвенция

 

10. Араб халықтары есімдерімен келетін әл, аш, ар, аз, әд, бен сияқты элементтерден соң дефис қойылады, олардың өздері кіші әріппен алдыңғы сөзден бөлек жазылады: Абд ар-Рахнан әл-Халиси, Ибрагим әл-Муфти, Авадх бен-Солех бен-Галеб, аз-Закир Рукн ад-Дин Бейбарс, әл-Фараби, әл-Кинди.

Глоссарий к тексту
  • бас әріп
    заглавная буква
  • географиялық атаулар
    георграфические названия
Найти словосочетание
Чат-бот