Translit
Раздел "Translit", это онлайн-сервис автоматической транслитерации с кириллицы на латиницу согласно разработанной последней версии казахско-латинского алфавита.
Далее

Фамилияларға қосымша қалай жалғанады

14.08.2020
/
скачан 999 раз

Фамилия жасайтын -ев (-ева), -ов (-ова), -ин (-ина) қосымшалары буын үндестігіне бағынбайды: ев (-ева) қосымшасы сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарамастан й және ш дыбысына аяқталған жалқы есімдерге жалғанады. Бұл қосымша жалғанғанда, түбірдегі й әрпі түсіріліп жазылады: Тәжібай+ев – Тәжібаев, Жабай+ев – Жабаев, Имашев, Рашев, Мұқашев, Мұқашева, Жақашева. Дауысты дыбыстарға аяқталған кісі аттарына да -ев (-ева) қосымшасы жалғануы мүмкін. Мұса+ев – Мұсаев, Абдолла + ев, Бөке + ев – Бөкеев. Түбір сөздің соңғы дыбысы ы, і болса, -ев (- ева) қосымшасы жалғанғанда, ол дыбыстардың орнына и әрпі жазылады: Сары+ев – Сариев, Жұмалі+ев – Жұмалиев, Аққозы+ев – Аққозиев.

Й мен ш дыбыстарынан басқа барлық дауыссыздардан кейін -ов (-ова) қосымшасы жалғанады, мұнда да сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігі есепке алынбайды: Мұ-рат+ов, Ме-дет+ов, Сұл-тан+ов, Жү-ніс+ов, Сейіт+ов.

Дауысты дыбысқа аяқталған кісі аттарынан, әдетте фамилия -ин (-ина) қосымшасы арқылы жасалады, мұндайда соңғы дауыстылар түсіріліп, түбірге -ин (-ина) қосымшасы тікелей жалғанады және сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігі есепке алынбайды: Нұралы+ин – Нұралин, Алтынсары+ин – Алтынсарин, Дербісалы+ин – Дербісалин, Ғайса+ин – Ғайсин. -ин (-ина) жұрнақтары жалғанғанда, кейде түбірдегі ұ, ү, о, о дыбыстары у болып өзгеріп айтылуы және солай жазылуы мүмкін (ал -ов, -ова жұрнақтарымен жасалғандарында түбір өзгермейді). Мысалы: Мұса+ин – Мусин (ал Мұса+ев – Мұсаев), Жұма+ин – Жумин (ал Жұма+ев – Жұмаев), (Абдолла+ин – Абдуллин) (ал Абдолла+ев), Бөке+ин – Бөкин (ал Бөке+ев – Бөкеев). Сонымен қатар Абдоллин деп түбірін сақтап жазу да орын ала алады.

-ов, -ев жұрнақтары арқылы жасалған фамилияларға қосымша бастапқы түбірдің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады: Аймановқа, Тәжібаевқа дегенде Ай-ман, Тәжі-бай түбірлерінің соңғы буындары жуан болғандықтан, қосымша да жуан жалғанып тұр. Ал Жүнісовке, Әйтиевке дегендерде түбірдің соңғы буындарында жіңішке дауысты дыбыс болғандықтан (Жү-ніс, Әй-ти), қосымшаның да жіңішке варианты жалғанып тұр.

Сыздықова Рәбиға. Қазақ тілінің анықтағышы

Глоссарий к тексту
  • қосымша
    приложение
Найти словосочетание
Чат-бот