Translit
Раздел "Translit", это онлайн-сервис автоматической транслитерации с кириллицы на латиницу согласно разработанной последней версии казахско-латинского алфавита.
Далее

Тендер тәсілімен сатып алу шартының үлгілік нысаны

25.02.2020
/
скачан 1112 раз

Тендер тәсілімен сатып алу шартының

 үлгілік нысаны

 

Тауарларды сатып алу туралы шарт

(тауар атауы көрсетіледі)

_______________қ.

 

 «___» ________________________ж. 

Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын «..............» АҚ атынан ____________________ [Тапсырыс берушінің уәкілетті өкілінің іс-әрекетіне негіз болатын құжат атауы] негізінде әрекет ететін ___________  [Тапсырыс беруші өкілінің лауазымы, АӘТ], бір тараптан және  бұдан әрі Жеткізуші деп аталатын __________________ [жеткізушінің толық атауы] атынан,

_______________________________________________ [Жеткізушінің уәкілетті өкілінің іс-әрекетіне негіз болатын құжат атауы] негізінде әрекет ететін ___________  [Жеткізуші өкілінің лауазымы, АӘТ], екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар», ал жеке-жеке «Тарап» деп аталып, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беруші акцияларының (қатысу үлесінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында тікелей немесе жанама түрде «Самұрық Қазына» АҚ-ға тиесілі ұйымдардың Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Сатып алу қағидалары) ___________ [тиісті тармақ көрсетіледі] сәйкес, және ___________ ______________________ [шарттың жасалуына негіз болған құжат атауы] №______ [қорытынды нөмірі көрсетіледі] негізінде төмендегілер туралы осы Тауарды сатып алу шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты:

1. Терминдер және анықтамалар

1.1. Төменде санамаланған ұғымдар Шартта мынадай анықтамаларға ие:

«Тапсырыс беруші» – «..............» АҚ;

«Жеткізуші»____________________ – Тапсырыс берушімен жасалған Шартта оның контрагенті болып табылатын және Шартта көрсетілген Тауардың жеткізілуін жүзеге асыратын тұлға;

«Шарт» – Тапсырыс беруші мен Жеткізуші арасындағы Қазақстан Республикасының Сатып алу қағидалары мен өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалып, Тараптар қол қойған, барлық қосымшалары мен оған қатысты толықтырулары (қосымша келісімдері) бар азаматтық-құқықтық шарт;

«Шарттың жалпы сомасы» – Тапсырыс берушінің Жеткізушіге осы Шарт аясында және оның талаптары бойынша төлеуі тиіс сома;

«Тауар» - ______________, Шартқа 1, 2 қосымшаларға сәйкес;

 «сатып алу мәселелері бойынша уәкілетті орган» - Қордың құрылымдық бөлімшесі және (немесе) Қор Басқармасы анықтайтын еншілес ұйым;

«Қор» - «Самұрық-Қазына» АҚ.

2. Шарттың мәні

2.1. Жеткізуші осы Шартқа 1, 2 қосымшаларға сәйкес тауар жеткізуге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші, Жеткізуші Шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындаған жағдайда, осы Шартқа сәйкес жеткізілген Тауарды қабылдап алуға және оған ақы төлеуге міндеттенеді.

2.2.  Төменде санамаланған құжаттар мен оларда айтылған талаптар Шарттың мәнін құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:

1) осы Шарт;

2) Тауар құнының есебі, Тауарды жеткізу мерзімі (Шартқа 1-қосымша);

3) техникалық ерекшелік (Шартқа 2-қосымша);

4) жергілікті қамту бойынша есеп нысаны (Шартқа 3-қосымша);

5) Тауарды қабылдау-тапсыру актісінің нысаны (Шартқа 4-қосымша);

6) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау салаларындағы заңнамалары мен реттеуші құжаттарының сақталуы туралы есеп нысаны (Шартқа 5-қосымша).

3. Шарт сомасы және төлем талаптары

3.1. Осы Шарттың жалпы сомасы [Шарт сомасы] [Шарт сомасы жазумен] теңгені [ҚҚС қоса есептегенде/ ҚҚС салынбайды] құрайды, Шарт талаптарының тиісінше орындалуы үшін қажетті барлық шығыстарды қамтиды, осы Шартта және Сатып алу қағидаларының 133-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін өзгертуге болмайды.

3.2.   Шарт бойынша төлем түрлерінің жалпы арақатысы Шартқа 1 қосымшада көрсетілген.

3.3. Шарт бойынша есеп айырысу, оның ішінде түпкілікті есеп айырысу төмендегі құжаттарды ұсынған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі:

3.3.1. Шартқа № 4 қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тауарды қабылдау-тапсыру актісі[1];

3.3.2. Шот-фактура;

3.3.3. Төлем шоты.

3.3.4. Шартқа № 5 қосымшаға сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау салаларындағы Қазақстан Республикасы заңнамасы мен реттеуші құжаттарының сақталуы туралы есеп[2].

3.4. Шарт бойынша Тауарға ақы төлеу мынадай тәртіпте жүргізіледі: [тиісті төлем тәртібін көрсету қажет және мына тармақшалардың бірін таңдау қажет 3.4.1., 3.4.2., 3.4.3.]

3.4.1. Шарт бойынша нақты жеткізілген Тауарға Тапсырыс беруші көрсетілген Тауарды және/немесе Тауар партиясын қабылдап алу туралы актіге қол қойған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей ақы төлейді.

Орындаушының осы Шартқа сәйкес төлемге дейінгі құжаттарды уақытылы ұсынбауы Тапсырыс берушіні Шарт бойынша уақытылы төлемеу үшін жауапкершіліктен босатады.

3.4.2. Тапсырыс беруші авансты (алдын ала төлем) Жеткізуші Шарттың жалпы сомасынан __% (__ пайыз) мөлшеріндегі аванстың (алдын ала төлемнің) қайтарылуын қамтамасыз етуді енгізген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде төлейді.

Шарт бойынша одан кейінгі төлемді Тапсырыс беруші Тауарды және/немесе Тауар партиясын қабылдап алу туралы актіге қол қойған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей төлеуге міндетті.

Бұл ретте төлемақы сомасынан бұрын төленген аванстық төлем пропорционалды түрде ұсталады.

3.4.3. Тапсырыс беруші Шарт жасалған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде Шарттың жалпы сомасынан __% (__ пайыз) мөлшерінде авансты (алдын ала төлемді) төлейді.

[бұл тармақша Холдинг құрамына енетін, сатып алынатын тауарларды өндіретін, Холдингтің мүгедектер ұйымы тізілімінде тұратын мүгедектер ұйымдары үшін қолданылады (кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлға-мүгедектер)]

3.5. Шарт бойынша Тауарға ақы төлеу теңгемен, Жеткізушінің банктік шотына ақша аудару арқылы жүзеге асырылады. 

3.6. Жеткізушінің Осы Шартқа сәйкес төлем жасау алдындағы құжаттарды уақтылы ұсынбауы Тапсырыс берушіні Шарт бойынша ақыны уақтылы төлемегені үшін жауапкершіліктен босатады.

4. Аванстың (алдын ала төлемнің) қайтарылуын қамтамасыз ету

Жеткізуші осы Шарт жасалған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде Шарттың жалпы сомасынан __% (__ пайыз) мөлшердегі аванстың (алдын ала төлемнің) қайтарылуын қамтамасыз етуді Жеткізуші Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін енгізуге міндетті.

4.2. Жеткізуші аванстың (алдын ала төлемнің) қайтарылуын қамтамасыз етудің келесі түрлерінің бірін таңдауға құқылы:

4.2.1.Тапсырыс берушінің банк шотына енгізілетін кепілдік ақшалай жарна;

4.2.2. нысаны бойынша Тапсырыс берушінің талаптарын қанағаттандыратын, қолданыс мерзімі «Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін» болатын банк кепілдігі.

[Жеткізуші қолданыс мерзімі белгілі бір күнге дейін болатын банк кепілдігін ұсынған жағдайда, банк кепілдігінің мұндай нысаны Тапсырыс берушінің талаптарын қанағаттандырмайды].

4.3. Аванстың (алдын ала төлемнің) қайтарылуын қамтамасыз етудің қолданыс мерзімі аванс (алдын ала төлем) толық өтелгенге дейін болуы тиіс.

4.4. Аванстың (алдын ала төлемнің) қайтарылуын қамтамасыз ету осы шартта көрсетілген мерзімде енгізілмеген болса, Тапсырыс беруші:

4.4.1. Шартты біржақты тәртіппен бұзуға;

4.4.2. тендерге қатысуға берілген өтінімді қамтамасыз етуге енгізілген ақыны ұстап қалуға;

4.4.3. сатып алу жөніндегі уәкілетті органға Холдингтің сенімсіз әлеуетті жеткізушілері (жеткізушілер) тізбесіне қосу үшін Жеткізуші туралы белгіленген тәртіпте ақпарат жіберуге құқылы.

4.5. Тапсырыс беруші енгізілген аванстың (алдын ала төлемнің) қайтарылуын қамтамасыз етуді Жеткізуші Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісті түрде орындаған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қайтарады.

4.6. Тапсырыс беруші төмендегідей жағдайларда:

4.6.1. егер Шарт Жеткізушінің кінәсінен, Шарт бойынша Тауардың уақтылы жеткізілмеуіне байланысты бұзылған жағдайда;

4.6.2. егер Жеткізуші Шарт бойынша Тауарды жеткізу кезінде Шарт талаптарын бұзып, бұл Шарттың бұзылуына әкелген жағдайда аванстың (алдын ала төлемнің) қайтарылуын қамтамасыз етуді қайтармайды.

4.7.Тапсырыс берушінің аванстың (алдын ала төлемнің) қайтарылуын қамтамасыз етуді ұстап қалуы Жеткізушіден Шарт бойынша өзге айыппұлдық санкцияларды өндіріп алуды талап ету құқығын тоқтатпайды.

5. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету

5.1. Жеткізуші осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде Шарттың жалпы сомасынан __% (__ пайызы) мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуге міндетті, бұл Жеткізушінің Шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісті деңгейде орындауын қамтамасыз ету болып табылатын ______ (жазумен) теңгені құрайды.

5.2. Жеткізуші Шарттың орындалуын қамтамасыз етудің келесі түрлерінің бірін таңдауға құқылы:

5.2.1.Тапсырыс берушінің банк шотына енгізілетін кепілдік ақшалай жарна;

5.2.2. нысаны бойынша Тапсырыс берушінің талаптарын қанағаттандыратын, қолданыс мерзімі «Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін» болатын банк кепілдігі.

[Жеткізуші қолданыс мерзімі белгілі бір күнге дейін болатын банк кепілдігін ұсынған жағдайда, банк кепілдігінің мұндай нысаны Тапсырыс берушінің талаптарын қанағаттандырмайды].

5.3. Қамтамасыз етудің қолданыс мерзімі Шарт бойынша міндетемелер толық орындалғанға дейін болуы тиіс.

5.4. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету осы шартта көрсетілген мерзімде ұсынылмаса, Тапсырыс беруші:

5.4.1. Шартты біржақты тәртіппен бұзуға;

5.4.2. тендерге қатысуға берілген өтінімді қамтамасыз етуге енгізілген ақыны ұстап қалуға;

5.4.3. сатып алу жөніндегі уәкілетті органға Холдингтің сенімсіз әлеуетті жеткізушілері (жеткізушілер) тізбесіне қосу үшін Жеткізуші туралы белгіленген тәртіпте ақпарат жіберуге құқылы.

5.5. Тапсырыс беруші енгізілген Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді Жеткізуші Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісті түрде орындаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Жеткізушіге қайтарады.

5.6. Тапсырыс беруші төмендегідей жағдайларда Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды:

5.6.1. егер Шарт Жеткізушінің кінәсынан, Шарт бойынша Тауардың уақтылы жеткізілмеуіне байланысты бұзылған жағдайда;

5.6.2. егер Жеткізуші Шарт бойынша Тауарды жеткізу кезінде Шарт талаптарын бұзып, бұл Шарттың бұзылуына әкелген жағдайда.

5.7.Тапсырыс берушінің Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұстап қалуы Жеткізушіден Шарт бойынша өзге айыппұлдық санкцияларды өндіріп алуды талап ету құқығын тоқтатпайды.

[Жоғарыда көрсетілген бөлім қажеттілігі бойынша беріледі]

6. Тауарды жеткізу мерзімдері мен талаптары

6.1. Жеткізуші Тауарды Тапсырыс берушіге Шартқа 1 қосымшада көзделген мерзімде өз құралдарымен жеткізуге міндетті. Тауарды жеткізген күн Жеткізуші мен Тапсырыс берушінің Тауарды қабылдау-тапсыру актісіне (бұдан әрі – Акт) қол қойылған күн болып есептеледі.

6.2. Тауарға меншіктік құқық, сондай-ақ Тауардың жойылу, бүліну тәуекелі Жеткізушіден Тапсырыс берушіге қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылған күннен бастап ауысады.

7. Тараптардың құқықтары мен міндеттемелері

7.1 Жеткізуші мыналарға:

7.1.1. Тауарды қабылдап алу-тапсыру процесінде Тауардың сапасын, санын, сондай-ақ Тауардың Шарт талаптарына сәйкестігін тексеруге;

7.1.2.  Тауарды Шартқа 4-қосымшаға сәйкес нысанда Акт бойынша уақытылы жеткізуге, Шартқа 3.3-тармаққа сәйкес төлем алды құжаттарды тапсыруға;

7.1.3.  Тауарды Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, осы Шартта жазылған барлық талаптарды сақтай отырып, тиісті сапа мен саны бойынша жеткізуге;  

7.1.4. Шарт бойынша Тауарды жеткізуге қатысты болуы мүмкін кез келген өзгерістерді немесе толықтыруларды Тапсырыс берушіге уақытылы хабарлап, онымен келісуге;

7.1.5. Тапсырыс берушіге Тауарға қатысты барлық техникалық құжаттамалар мен сертификаттарды беруге. Сертификатты ауыстырған және/немесе оны жаңартқан жағдайда Тапсырыс берушіге жаңартылған құжатты алған күннен кейін орындалатын өтінімге сәйкес жеткізілетін Тауардың жаңартылған сертификатын беруге;

7.1.6.  Тауарды тасымалдаған кезде бүлінбеуін қамтамасыз ететін қаптамада тиеуге;

7.1.7. Тауарды жеткізген соң кепілді мерзім ішінде ақаулар немесе Шарт талаптарына сәйкессіздіктер  анықталған жағдайда Жеткізуші анықталған ақауларды өз күшімен және өз есебінен жоюға және (немесе) ақаулы Тауарды Тапсырыс берушінің жазбаша талаптарында көзделген мерзімде сапасы сәйкес келетін жаңа Тауарға ауыстыруға;

7.1.8. Тауарды Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, адам құқықтары, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамалары мен регламенттейтін құжаттарына сәйкес жеткізуге;

7.1.9. Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға тартылған қызметкерлерінің еңбек жағдайларының қауіпсіздігін, олардың  тұру жағдайларын [Шарт бойынша міндеттемелерді орындау аясында басқа қалаларға іссапарға барған кезде] қамтамасыз етуге, сондай-ақ Жеткізуші қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, адам құқықтары, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамаларын сақтауына үзбей аудит [ішкі бақылау] жүргізуін қамтамасыз етуге;

7.1.10. Шарт бойынша міндеттемелерді орындаған кезде Жеткізуші өкілдерінің Қазақстан Республикасының заңнамаларында және нормативтік құжаттарда белгіленген  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, адам құқықтары, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптарды сақтамау салдарынан туындауы мүмкін оқиғалар, оның ішінде Жеткізуші қызметкерлерінің еңбек жағдайларының қауіпсіздігі үшін Тапсырыс беруші мен бақылаушы мемлекеттік органдардың алдында толық жауапкершілік алуға міндеттенеді.

7.2 Тапсырыс беруші мыналарға:

7.2.1. Жеткізушінің Тауарын Акт бойынша мұндай Актіні алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қабылдап алуға немесе Тауарға қоятын талап-шағымы болған жағдайда оны жою мерзімін көрсете отырып, көрсетілген мерзімде дәлелді бас тарту хабарламасын жіберуге; 

7.2.2. Тауарға қоятын талап-шағымы болмаған жағдайда Жеткізушіден мұндай Актіні алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Актіге қол қоюға;

7.2.3. Есеп айырысуға, оның ішінде Тараптар Тауардың жеткізілгенін растайтын актілерге қол қойған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей Шарт бойынша түпкілікті есеп айырысуға міндеттенеді.

7.3 Жеткізуші мыналарға: 

7.3.1. Тапсырыс берушіден жеткізілген Тауар үшін төлем жасауды талап етуге құқылы.

7.4. Тапсырыс беруші мыналарға:

7.4.1. Жеткізушіден ұсынылған өсімпұл, айыппұл және залалдар сомасын талап етуге;

7.4.2. Тауардың Шарт талаптарына сәйкес келмейтін кез келген бөлігінен Тауар құнын немесе Шарт сомасын азайта отырып бас тартуға немесе Жеткізушіге ақауы көрсетілген ведомоспен бірге сапасыз Тауарды қайтаруға;

7.4.3. Қазақстан Республикасының заңнамаларында, Сатып алу қағидасында және (немесе) осы Шартта көзделген негіздерде Шартты бұзуға;

7.4.4. Жеткізушіден сапасы сәйкес келетін Тауарды осы Шартқа 1-қосымшада көрсетілген мерзімде жеткізуді талап етуге;

7.5.  Тауардың сапасы сәйкес келмеген жағдайда Жеткізушіге мынадай талаптарды қоюға:

7.5.1 Тауардың ақауларын жеткілікті мерзімде қайтарымсыз жоюға;

7.5.2 Тапсырыс берушінің Тауардың ақауларын жоюға жұмсаған шығындарын Жеткізушінің өтеуін талап етуге;           

7.6.  Жеткізуші жеткізген Тауар үшін есептескен кезде оған салынған айыппұл, тұрақсыздық төлемі, өсімпұл сомаларын акцептісіз тәртіпте ұстап қалуға құқылы.

8. Тауарды тапсыру және қабылдап алу тәртібі

8.1. Актіге Тапсырыс беруші мен Жеткізушінің уәкілетті өкілдері қол қояды.

8.2. Тапсырыс беруші Актіні алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Жеткізушіге қол қойылған актіні немесе Тауарға қоятын шағым-талаптары болған жағдайда оны жою мерзімін көрсете отырып, Тауарды қабылдаудан дәлелді түрде бас тарту хабарламасын жібереді.

8.3. Тапсырыс беруші Тауарға қоятын шағым-талаптары болған жағдайда (Шарттың техникалық тапсырмалары мен талаптарына сәйкессіздіктер мен ақаулар анықталған жағдайда) Тауарды қабылдап алудан бас тартуға құқылы. Мұндай жағдайда Жеткізуші анықталған кемшіліктер мен сәйкессіздіктерді өз есебінен жоюға және Тауарды қайталап қабылдап алу үшін құжаттар топтамасын ұсынуға міндетті.

8.4. Актіге Тараптар Шарт аясында көрсету қажет деп санайтын кез келген өзге де ақпарат енгізілуі мүмкін.

8.5. Тауарды қабылдап алып-тапсырған кезде Тапсырыс беруші жеткізілген Тауарды техникалық айырықшалаулар мен Шарттың өзге де талаптарына сәйкестігіне тексеруге құқылы. 

9. Кепілдіктер мен Сапа

9.1. Жеткізуші жеткізілетін Тауардың сапасына кепілдік береді, ол Тауарға қойылатын белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс. Жеткізуші Шарт бойынша жеткізілген тауардың құрылымына, материалына немесе жеткізілген Тауарды дұрыс пайдаланған кездегі жұмысына қатысты ешқандай ақауларының болмауына кепілдік береді. 

9.2. Жеткізуші жеткізілген Тауарға қатысты Актіге қол қойылған күннен бастап ____ [12 ай] белгіленген кепілді мерзім ішінде Тауардың сапасына кепілдік береді. 

9.3. Егер кепілді мерзім ішінде Тауардың ақаулары немесе оның Шарт талаптарына сәйкессіздігі байқалса, Жеткізуші Тапсырыс берушінің жазбаша талаптарын алған күннен бастап ____ [мерзімін Тапсырыс беруші белгілейді және ол оның жазбаша талабында көрсетіледі] күн ішінде анықталған ақауларды өз есебінен жоюды және (немесе) ақаулы Тауарды жаңасына ауыстыруды өз міндетіне алады.

9.4. Тауарды ауыстыруды кешіктіру Жеткізушінің кінәсінен болған жағдайда кепілді мерзім тиісті уақыт кезеңіне ұзартылады.

10. Жергілікті қамту

10.1. Жеткізуші Тапсырыс берушінің сұранысы бойынша Шартқа №3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша сұраныста көрсетілген мерзімде жеткізілген тауарлардағы жергілікті қамту туралы мәліметтерді тапсыруға міндетті [тек ұзақ мерзімді/ауыспалы шарттарға қатысты].

10.2. Шарт бойынша Тауарды толық жеткізгеннен кейін Жеткізуші 5 (бес) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушіге Шартқа №3 қосымшаға сәйкес нысанда Жергілікті қамту бойынша  есептілікті ұсынуы тиіс. Шарт аясында Тауарды жеткізген кезде есепке қосымша ұсынылатын Тауарға СТ-КZ нысандағы сертификаттар (түпнұсқа, нотариалды куәландырылған көшірмесі, немесе ішкі айналым үшін тауардың дайындалған жері туралы сертификатты бергендігі жөніндегі уәкілетті органның мөрімен куәландырылған көшірмесі) қосымша беріледі.

10.3. Жеткізуші Тауарлардағы жергілікті қамту үлесі бойынша теріс ақпарат берген жағдайда, Тапсырыс беруші Шартты орындаудан бір жақты тәртіпте бас тартуға және залалдарды өтеуді талап етуге құқылы.

10.4. Жергілікті қамту бойынша есептілікті ұсынбаған жағдайда Жеткізуші Тапсырыс берушіге тұрақсыздық айыбы ретінде әрбір кешіктірілген күн үшін __ [0,05%]-ға барабар, бірақ Шарттың жалпы сомасының  __ [5%]-ынан аспайтын соманы төлейді. Тұрақсыздық айыбын төлеу Жеткізушіні Тапсырыс берушіге Жергілікті қамту бойынша есеп беруден босатпайды.  

10.5. Жеткізуші Тауарды жеткізуге Жеткізуші тартқан барлық қосалқы мердігерлердің осы бөлімнің талаптарын сақтауын қарастыруы және жергілікті қамту бойынша тиісті ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етуі тиіс.

11. Тараптардың жауапкершілігі 

11.1.  Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған және/немесе тиісінше орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапты болады.

11.2.  Жеткізуші Шартқа 1-қосымшада көрсетілген Тауарды жеткізбеген немесе Тауарды жеткізу мерзімін бұзған жағдайда, Тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбы ретінде Жеткізушіден Тауар жеткізудің мерзімі өткен әрбір күнтізбелік күні үшін Шарттың жалпы сомасының _ [0,1%]-ына барабар, бірақ Шарттың жалпы сомасының __ [10%] -ынан аспайтын соманы өндіріп алуға құқылы. 

11.3. Осы Шарттың 8.3-тармағына сәйкес, Тауардың анықталған ақауларын жою және (немесе) ақаулы Тауарды ауыстыру мерзімін бұзғаны үшін Тапсырыс беруші Жеткізушіден мерзімі өткен әрбір күнтізбелік күн үшін Шарттың жалпы сомасының __[0,1%], бірақ Шарттың жалпы сомасының __ [10%]-ынан аспайтын мөлшерде өсімпұл төлеуді талап етуге құқылы.

11.4. Тауар іс жүзінде Тапсырыс берушінің алдын ала төлеген сомасынан аз сомаға жеткізіліп, Шарт күшін тоқтатқан жағдайда, Тапсырыс беруші енгізілген авансты қайтарып алуды қамтамасыз ету сомасынан тиісті айырмашылықты ұстап қалуға құқылы. 

11.5. Тапсырыс беруші төлем алды құжаттарын көрсеткен кезде Шарттың 3.3-тармағында көзделген Тауарға төлем төлеу мерзімін бұзған жағдайда Тапсырыс беруші Жеткізушінің талабы бойынша төлемді кешіктірген әрбір күнтізбелік күн үшін төлеуге жататын соманың _ [0,1%] мөлшерінде, бірақ төлеуге жататын соманың __ [10%]-ынан аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейді. 

11.6.  Тапсырыс беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтару мерзімін бұзғаны үшін Жеткізуші  мерзімі өткен әрбір күнтізбелік күн үшін қамтамасыз ету сомасының __[0,1%], бірақ Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасының __ [1%]-ынан аспайтын мөлшерде айыппұл төлеуді талап етуге құқылы.

11.7. Жеткізуші шарттық міндеттемелердің орындалуын бұзған жағдайда Тапсырыс беруші енгізілген авансты (алдын ала төлеу) қайтаруды қамтамасыз ету және/немесе Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасынан Жеткізушіге оның шарттық міндеттемелердің орындалуын бұзғаны үшін және осыған байланысты туындаған залалдар үшін есептелген айыппұл сомасын ұстап қалуға құқылы. 

Шарттың орындалуын қамтамасыз ету бойынша қалған сома Жеткізушіге Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған, сондай-ақ Холдингтің Сенімсіз әлеуетті жеткізушілерінің (жеткізушілердің) тізбесіне енгізбей [мұндай бұзушылықтарға жол берілген жағдайда] Шарт талаптарының рұқсат етілген және мүмкін болатын бұзушылықтарын жойған  күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қайтарылады.

11.8. Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) Тараптарды осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындаудан босатпайды. 

11.9. Жеткізуші Тапсырыс берушінің осы Шарт бойынша төлеуге жататын сомадан Тапсырыс берушіге осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін тиесілі өсімпұл (айыппұл) сомасын ұстап қалуына келіседі.

11.10. Өсімпұл мен айыппұлдарды төлеу Тараптарды осы Шарт бойынша өздеріне алған міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

12. Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу 

12.1. Шартқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар Шартқа қосымша жазбаша келісім түрінде ресімделеді, ол Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

12.2. Шартқа өзгерістер енгізуге Сатып алу қағидаларында көзделген жағдайларда Тараптардың өзара келісімдері бойынша рұқсат етіледі. 

12.3.Қол қойылған Шартқа өткізілген сатып алулар талаптарын және (немесе) Сатып алу қағидаларының 133-тармағында көзделмеген өзге негіздер бойынша Жеткізушіні таңдау үшін негіз болып табылған ұсыныстардың мазмұнын өзгертуі мүмкін қандай да бір өзгерістер мен (немесе) жаңа талаптарды енгізуге жол берілмейді.

12.4. Шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар оның ажырамас бөлігі болып табылады және егер олар жазбаша нысанда ресімделіп, Тараптардың уәкілетті тұлғаларының қолдары қойылған болса, күшінде болады.

13. Шартты бұзу

13.1. Егер Жеткізуші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болып танылса, Тапсырыс беруші Жеткізушіге тиісті жазбаша хабарламаны жолдап, кез келген уақытта Шартты бұзуға құқылы. Бұл жағдайда Шарт дереу бұзылады және егер Шартты бұзу залал келтірмейтін немесе әрекет жасауға немесе Тапсырыс берушіге ұсынылған немесе кейін ұсынылатын санкцияларды қолдануға қандай да бір құқықтарды қозғамайтын шарттарда Тапсырыс беруші Жеткізушіге қатысты ешбір қаржылық міндеттемелерге тартылмайды.

13.2. Қандай да басқа санкцияларға залал келтірмей Шарттың талаптарын бұзғаны үшін Тапсырыс беруші:

1) егер Жеткізуші Шартта көзделген мерзімдерде немесе Тапсырыс беруші ұсынған осы Шартты ұзартқан кезеңнің ішінде Тауарды жеткізе алмаса;

2) егер Жеткізуші Тапсырыс беруші белгілеген уақыт кезеңі ішінде Жеткізуші Тауарды жеткізу барысында анықтаған жетіспеушіліктер мен сәйкессіздіктерді жоймаса;

3) егер Жеткізуші Шарт бойынша өзінің кез келген басқа міндеттемелерін орындай алмаса, Орындаушыға міндеттемелерді орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жолдап, Шартты бұзуға құқылы.

13.3. Тапсырыс беруші Шартты одан әрі орындау мақсаттылығына немесе Жеткізушінің Шартта көзделген міндеттемелерді тиісінше орындамауына байланысты Шартты бұзу күніне дейін 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде Жеткізушіге жазбаша хабарлама жолдап, Шартты кез келген уақытта бір жақты  тәртіпте (Шарттан бас тарту арқылы) бұзуға құқылы. Бұндай жазбаша хабарламада күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ Шартты бұзу күні ескеріледі.

Шарт осындай жағдайларға орай бұзылған кезде, Жеткізуші бұзу күніне Шартты бұзуға байланысты тек нақты шығындардың өтелуін талап етуге құқылы. Бұл ретте, егер Жеткізуші анықталған кемшіліктерді жою бойынша шараларды қабылдамаса немесе Жеткізушінің кінәсінен Тауарды жеткізу мүмкін болмаса, Тапсырыс беруші Жеткізушінің шығындарын өтемеуге құқылы.

13.4. Шарт Тараптар арасында екі жақты келісім бойынша бұзыла алады. Бұл жағдайда Шартты бұзуға бастама жасайтын Тарап өзінің ниеті туралы 20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде басқа Тарапқа жазбаша хабарлауға міндетті.

13.5. Егер Шарт осы Шарттың 11.3, 11.4-тармақтары бойынша бұзылса, Жеткізуші Тауарды жеткізуді дереу тоқтатуға және бұзу күнінде Шартты орындауға байланысты тек нақты шығындарды өтеу алдындағы құжаттарды ұсынуға тиіс.

14. Хабарламалар

14.1. Шартқа сәйкес бір Тарап екінші Тарапқа жолдайтын кез келген хабарлама кейін түпнұсқаны ұсына отырып, хат, телеграмма, телекс немесе факс арқылы күн ілгері жолданады.

14.2. Кез келген хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне енген күні (егер хабарламада көрсетілсе) бұл күндердің қайсысы кейін болатынына байланысты күшіне енеді.

15. Тауарды жеткізу мерзімі және Шарттың күшінде болу мерзімі

15.1 Шарт бойынша Тауарды жеткізу мерзімі Шартқа №1 қосымшада белгіленген.

15.2. Шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді [немесе күшіне енген нақты күнін көрсетуге болады] және ____________ қоса алғандағы мерзімге дейін, ал өзара есеп айырысу бөлігінде Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерін толық орындағанға дейін күшінде болады.

16. Еңсерілмейтін күш жағдайлары (Форс мажор)

16.1.  Тараптар су тасқыны, өрт, техногендік апаттар, басқа да стихиялық табиғи құбылыстар, әскери әрекеттер, лаңкестік актілер, блокада, ереуілдер, сондай-ақ Шарт талаптарының орындауына тікелей әсер еткен мемлекеттік органдардың тыйым салу шараларын қамтитын еңсерілмейтін күш (форс-мажор) жағдайлары салдарынан  Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

16.2. Еңсерілмейтін күш жағдайлары туындаған кезде, міндеттемелерді орындау мүмкін болмайтын жағдай туындаған Тарап бұндай жағдайлар басталған сәттен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде жазбаша нысанда (хабарлама) форс-мажордың болжамды әрекет ету мерзімі және олардың себептері туралы басқа Тарапқа хабарлауы, сондай-ақ құзырлы органдар ұсынған бұндай жағдайлардың басталу фактісін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс.

17. Дауларды шешу тәртібі 

17.1. Тараптар арасында осы Шарттан туындауы мүмкін барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі.

17.2. Егер бұндай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тараптар Шарт бойынша дауды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені Тапсырыс берушінің орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аталған дауды сот тәртібінде шешуге талап етуі мүмкін.

18. Құпиялылық

18.1. Осы Шарт бойынша Тараптар ұсынатын және/немесе қолданылатын барлық құжаттама мен ақпарат құпия болып табылады және Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Шарт бойынша ақпаратты талап етуге құқылы уәкілетті мемлекеттік органдарды, «Самұрық-Қазына» АҚ-ты  қоспағанда басқа Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз бұндай ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.

18-1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар

18.1.1. Шарт бойынша міндеттемелерді орындаған кезде, Тараптар өздері және олардың қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын (бұдан әрі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама) бұзатын немесе бұзуға ықпал ететін әрекеттерді жасамағанын, жасауға себеп болмағанын, қандай да бір заңсыз басымдықтарды алу мақсатында немесе өзге заңсыз мақсаттарда кез келген тұлғалардың әрекеттері немесе шешімдеріне ықпал ету үшін осы тұлғаларға тура немесе жанама түрде қандай да бір ақша құралдарын немесе құндылықтарды төлемегенін, төлеуге ұсынбағанын және төлеуге рұқсат бермегенін растайды.

18.1.2. Шарт бойынша міндеттемелерді орындаған кезде, Тараптар, олардың үлестес тұлғалары, қызметкерлері немесе делдалдары пара беру/алу, коммерциялық параға сатып алу сияқты заңмен Шарттың мақсаттары үшін қолданылатын білікті іс-әрекеттерді, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын, Тапсырыс берушінің қолданыстағы Мінез-құлық кодексінің ережелерін, сондай-ақ қылмыстық жолмен  алған кірістерді заңдастыруға (ізін жасыруға) қарсы әрекет ету туралы заңнаманы және халықаралық актілерді бұзатын әрекеттерді жүзеге асырмайды.

18.1.3. Жеткізуші осы Шартқа қол қойған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күннен кешіктірмей Тапсырыс берушінің интернет ресурсында орналасқан Тапсырыс берушінің Мінез-құлық кодексімен танысқаны туралы жазбаша растайды. 

18.1.4. Шарттың осы бөлімінің 18.1.1. және 18.1.2-тармақтарымен көзделген шарттарды бұзғаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

19. Қорытынды ережелер 

19.1. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.

19.2. Тараптардың ешқайсысының Шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін үшінші тарапқа беруге құқығы жоқ.

19.3. Шарт әр Тарап үшін 1 (бір) данадан қазақ және орыс тілдерінде заңдық күші бірдей 2 (екі) дана етіп жасалды.

19.4. Деректемелер өзгерген жағдайда, Тараптар барлық өзгерістер туралы үш күндік мерзімде бір біріне хабарлауға және Шарттың 12.4-тармағына сәйкес оларды рәсімдеуге міндетті. Бұлай болмаған жағдайда кінәлі Тарап келтірілген шығынды өтейді.

 

20. Тараптардың заңды мекенжайлары мен банктік деректемелері

Тапсырыс беруші___________

Жеткізуші     _________________

Глоссарий к тексту
  • Тендер
    Тендер
  • тауар атауы
    название товара
  • Тапсырыс беруші
    Заказчик
  • Жеткізуші
    Поставщик
Найти словосочетание
Чат-бот